Түркістан облысында 440 - тан астам акушерлер бар
Акушерлер ең асыл сәттердің бірі — жаңа өмір туылуына қол ұшын тигізетін жандар.
Акушерлердің шебер және мейірімді қолдарының арқасында дүниеге сәбилер келіп, әйелдер ана болу бақытына ие болады.
Акушерлер - дәрігердің көмекшілері, жүкті әйелдер босануға түскеннен перзентханадан шыққанға дейін қасында болып, босану кезінде босанушы әйелдерге қажетті медициналық көмек пен моральдық қолдау көрсетеді, жаңа туған нәрестелерге күтім жасайды.
Бұл-тек адамдармен жұмыс істегенді ұнататын және жауапкершілік пен қиындықтан қорықпайтын жандарға лайықты, ауыртпашылығы бар мамандық.
Осы мамандықтың маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені ана мен баланың өмірі мен денсаулығы акушерге, оның тәжірибесіне, білімі мен біліктіліне тікелей байланысты.
Жоғары кәсіби біліктілікпен қатар акушерлер мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік пен жанашырлық сияқты қасиеттерге ие болуы керек.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдарда жүкті және босанған әйелдерге акушерлік көмекті 440 - ден астам акушерлер көрсетеді, оның ішінде ауылдық жерлерде 207 акушер еңбек етеді.