Торакоскопиялық ота жасалды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының торакоабдоминалдық бөлімшесіне 1996 жылғы пациент әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, оң жақтағы кеуде аймағында орташа ауырсыну шағыммен шұғыл түрде түсті.
Науқасқа аудандық ауруханада плевралық қуысты пункциялау жүргізілген. Мұнан соң, науқастың жағдайы жақсарып ауруханадан шығарылған. Кенеттен, жағдайы нашарлап облыстық клиникалық аурухананың торакоабдоминалдық бөлімшесіне жеткізілді. Бүгінде пациентке МӘМС шеңберінде оң жақтағы бейнеторакоскопия, өкпенің ішінара пневмолизі, плевралық қуыстан сұйықтықты алып тастау емдік шарасы жүргізілді. Өкпенің висцеральды және париетальды плеврасынан биопсия алу. Сонымен қатар, бюлау бойынша дренаж салу шұғыл операциясы жүргізілді. Науқас операциядан кейін тез қалпына келіп, жағдайы тұрақталды.
Аталмыш операция облыстық клиникалық ауруханасында жақында қолға алынған болатын. Алдағы уақытта торакоскопиялық әдісі арқылы орындалатын нозологиялардың тізімін ұлғайту жоспарланып жатыр. Жалпы, МӘМС жүйесінде сақтандырылған науқасқа торакоскопиялық операциясы көрсетіледі.