Балаларға базарлық жасады

Screenshot_7.png

Бала көздің нұры, еліміздің болашағы. Бүгінде балалардың денсаулығын қорғауға, әлеуметтік жағдайын көтеруге, білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. 

Осы ретте  балаларды қорғау күніне орай «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы балаларға базарлық жасады.  Ұжым «Ғажайып әлем» балабақшасында білім алушы 75 баланы мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын тапсырды. 

-Балалар еліміздің болашағы. Сондықтан балалардың дендері сау болып, елдің азаматы болып өсуіне септігімізді тигізіп келеміз. Мереке құтты болсын балапандар. Аман болындар-деп, жүрекжарды лебізін білдірді филиал директоры Асхат Бейсенбаев.

Айта кетерлігі, балалар МӘМС жүйесінде жеңілдік санат ретінде барлық медициналық қызметтермен толықтай қамтылған. Оның ішінде, профилактикалық тексерулер, стоматологиялық көмек, талдамалар, скрининг т.б. қызметтер бар.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Балаларға базарлық жасады