ТҮРКІСТАН: 360 МЫҢНАН АСА АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯ АЛДЫ
Түркістан облысында соңғы тәулікте КВИ-дің 3 жағдайы анықталды. Бүгінде коронавирустың тәуліктік өсімі 0,01%-ды құрайды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстағы инфекциялық стационарларда 900 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 756 төсек-орын бос.
Пандемия басталғалы індеттің 18 450 жағдайы тіркелді. Оның 9571-де симптом байқалмаған. Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді.
Бірінші компонентпен 1 046 218 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 1 046 006 адам қабылдады. Ревакцинацияны 360 463 адам алды.
Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 186364 адам, II компонентін – 133117 адам қабылдаған.