«Нұрлы сан» демалыс аймағы іске қосылмақ

image.png

Экологиялық туризм – туристік индустрияның ең жылдам дамып келе жатқан секторы, оның үлесіне әлемдік туризмнің 25%-ы тиесілі. Дүниежүзілік туристік ұйымға сәйкес экотуристер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді. Қазақстанда да экотуризмды дамытуға қолайлы аймақтар жетерлік. Айталық еліміздің оңтүстік аймағы табиғатымен талайды тамсандырып келеді.Әсіресе Алатаудың бөктерінде жайылып жатқан Төлеби ауданының климаты, пейзажы көз тойдырмай қоймайды. Соңғы жылдары ауданда глэмпинг жақсы дамып келеді. Яғни мұнда табиғат аясындағы жайлы демалыс, яғни ауданда таза ауада саумалмен сусындап алаңсыз демалуға мүмкіндік жасалған орындар көп.  Аудан әкімдігінің дерегінше, бүгінгі күні бұл бағытта 76 нысан жұмыс істеуде. Атап айтсақ, шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы, 64 саяжай бар. Сондай-ақ,  бұл салаға тартылған инвестиция көлемі де артуда.  

image.png

Туризмді дамыту мақсатында Қаратөбе ауылдық округі аумағынан кәсіпкер Ерболат Нұрланбекұлы «Нұрлы сан» демалыс аймағын іске қосуды жоспарлауда. Тартылатын инвестиция көлемі – 1 млрд  500 млн теңге. Демалыс аймақ аумағына 45 коттедж,  сауықтыру орталығы, футбол алаңы мен бассейн, теннис алаңдарының құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Жоба іскен жағдайда 65 адам маусымдық, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Ал Балдыберек елді мекенінен 200 адамға арналған спорттық-сауықтыру орталығы іске қосылады деп күтілуде. Жеке кәсіпкер Нұрдәулет Құралбекұлы 6,8 гектар аумаққа 26 коттедж, бассейн, стадион, теннистік корт, жабық спорт кешені, кіші футбол алаңшасы мен жүгіру жолағын салуды жоспарлауда. Жоба құны – 800 млн теңге.

Жоба іске қосылса аудандағы ірі әрі сапалы, жан-жақты қызмет көрсететін демалыс орындарының  біріне айналғалы тұр. Ең бастысы нысан туристерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаумен қатар өңірдің туриз саласының дамуына да ат салыспақ.