«Спорт» гүлзары жанға сая

Screenshot_80.png

Шымкентте көрікті жерлер көбеюде. Тұрғындар бір сәт тынығып, отбасымен сергіп алатын орындар абаттандырылып, ел игілігіне ұсынылуда. Сондай көрікті орынның бірі – «Спорт» гүлзары. Бүгінде қала тұрғындары дәл осы гүлзар маңында демалып, ыстық күнде жанға сая тауып отыр. 

Қажымұқан атындағы стадион маңында орналасқан гүлзардың аумағы 1 гектардан асады. Бұл орынды абаттандырып, көріктендіру жұмыстары өткен жылдың соңында аяқталып, пайдалануға берілген. Құрылысты Шымкент қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының тапсырмасымен бас мердігер «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС атқарған.

– Мұнда 5560 шаршы метр жерге плита тақтайшалар төселіп, 68 дана жарықшам, 50 дана шағын сәулеттік пішіндер орнатылды. Оған қосымша фонтан да бар, – дейді Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Дархан Тұрғанбай. Демалыс орны бүгінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасынан қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының балансына өткізіліп, басқарма мамандары күтім жасауда.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Спорт» гүлзары жанға сая