Ақ жаулықты аналар - ұлт ұйытқысы
Шымкент қаласының мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйытқы болуымен Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негіздерінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған.
Байқау барысында ауданның ақ жаулықты аналары ережеге сәйкес түрлі кезеңдер бойынша өз бақтарын сынады. Алдымен, өздерін таныстырып, салт-дәстүр ырым-тыйымдардан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ұмытылып бара жатқан әдет – ғұрыптарымызды қайта жаңғыртты. Іс-шара соңында қатысушылар жүлделі орындар мен арнайы номинациялармен марапатталды.
Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты.