IT мамандарды даярлау - уақыт талабы

Screenshot_11.png

Білім беру саласы – бәрі­міз үшін өте маңызды та­қырып. Ұлттың болашағы бі­лім-ғылыммен қаруланған келешек ұрпақ­тың қолында екені айтпаса да тү­сінік­ті. Қазіргі таңда білім саласн цифрландыру - заман талабына айналып отыр. Сол себепті Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім саласын цифрландыруға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Жолдау аясында Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан бірқатар жоспарлар түзілген. Бұл туралы Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте көпшілікпен бөлісті. 

Басқарма басшысының айтуынша  білім басқармасымен бірлесіп мемлекеттік мектептерде IT саласына қатысты пәндерге ерекше назар аударылып, оқу сағаттарын көбейту қарастырылады дейді. Сондай-ақ 

жеке мектептерде жаңа «Ақпараттық технологиялар» пәнін ашып, білікті мамандарды мектеп кезінен бастап даярлау қолға алынбақ екен. «Ақпараттық-коммуникациялық технология­лар» пәнін оқыту барысында көзделген басты мақсат – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдыларын дамыту, робот техника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар IT-мамандықтар бойынша бағдарламаларды өзгертуге дайындық жүргізіліп,  IT кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдауымен венчурлық қорлар ашылады дейді сала мамандары.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: IT мамандарды даярлау - уақыт талабы