Тәулігіне 25 тонна өнім шығарады
Шымкенттік «Барыс-2007» ЖШС кондитерлік өнімдер шығарады. Фабрика Қазақстанның Оңтүстік аймақтарындағы нарықтың 10-15%-ын печеньемен қамтамасыз етіп отыр. Тұтас республика бойынша да өнімдері таратылады. Айта кетерлігі Шымкенттік печеньелерге деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді. Бұл туралы қала әкімдінің "Шымкентте жасалған" жобасы аясында хабарланды.
Бұл Қазақстандағы кондитерлік өнімдерді шығаратын үздік фабрикалардың бірі. Қондырғылары Италияда жасалған. Өндіріс желісі толықтай автоматтандырылған. Мұнда тәжірибелі, білікті мамандар қызмет етеді.
- Процес қоспа салудан бастап жалпы қаптауға дейін 2 жарым сағат уақытты алады. Оның бәрі бір цехта бір күнде істеліп бітеді. Шикізатын салу, қоспаға айналдыру, пештен өнімді шығарып бітіру, суытып қаптау жұмыстары бір күнде осы цехта істелінеді, - дейді «Барыс-2017» ЖШС технологы Әсем Шойынова.
Фабрикада тәулігіне 25 тонна өнім шығарады. Мұнда печеньенің 20-дан аса түрі жасалады. Сондай-ақ, торалли, торчетти атты италияндық өнімдер де бар.
- Қазіргі таңда шикізат бағасының өсу динамикасына қарасаңыз әлдеқайда өскенін байқайсыз. Маргарин 40%-ға, ұн 10-15%-ға өскен. Біз түсінеміз бұл нарық. Бірақ, сапа мен бағаны сақтап қалуға күш салып отырмыз. Өнімнің құрамын арзан шикізатқа айырбастамадық. Өйткені сапа біз үшін бірінші орында, - дейді «Барыс-2007» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сергей Югай.
Кондитерлік фабрика жалпы жылына 400 мың тонна өнім шығарады. Экспорттық әлеуеті де артып келеді. Қазіргі таңда, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қытай елдеріне өнімін жеткізіп отыр.