«Dana Trade» айына 10-15 мың шаршы метр шыны шығарады

Screenshot_11.jpg

«Dana Trade» серіктестігі Шымкентте шыны өндіретін ірі кәсіпорын. Кез келген көлемде сапалы және бастысы қауіпсіз шынылар жасалады. Кәсіпорын 2015 жылы ашылған. Айына 10-15 мың шаршы метр шыны шығарады. Шикізат Ресейден әкелінеді. Ал мұнда сол материалды тапсырыс бойынша кесіп, қайта өңдеп қауіпсіз һәм берік шыныға айналдырады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов әлеуметтік желідегі парақшасында "Шымкентте жасалған" жобасы аясында хабарлады. 

- Екі жарымнан бес метрге дейін шыны салынады. 60-80 градус температурада шыны жүреді. 4, 5, 6, 8, 10, 12-лік шыны салынады, - дейді оператор Әділжан Мұхамеджанов.  

Мұндағы қондырғылардың барлығы Еуропалық. Сапасы өте жоғары. Жұмыс процесі автоматтандырылған. Кәсіпорын мемлекеттік мекемелерден және басқа ірі көлемдегі тапсырыстарды қабылдайды. Сондай-ақ жеке тұлғалар да қалаған шынысын сатып ала алады. 

- Қазақстанның белгілі бір өзінің стандарты бар. Мемлекеттік стандарт сапасына сай. Оны ай сайын тексеріп отырады. Әр обьектіге барған кезде тапсырыс берушілердің өздерінің қабылдап алатын адамдары тексеріп алады. Сапасы стандартқа сай, - дейді «Dana Trade» ЖШС бас директоры Бақытбай Ілиясов. 

Мұнда шынының түрлері өте көп. Мысалы мультифункционалды түрлері бар. Яғни, суықты ішке кіргізбейді, жылуды сыртқа шығармайды. Бұдан бөлек те кез келген талғамға тап түсетін шыны өнімдері де жеткілікті. 

«Dana Trade» бұл Қазақстанда шыны әйнектерді шығаратын сенімді компания. Өнімдері сапалы. Әрі барлық тапсырыстарды уақытылы жасауға қауқарлы кәсіпорын.