Шымкентте кофе табиғи өнімдерден дайындалады
«Nefis Group» серіктестігі Шымкент қаласын кофе және қант өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған фабрика. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық аймақтарына да тауарлар тасымалданады. Мұнда айына 40 тонна қант пен 10 тонна кофе тауарлары шығарылады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында "Шымкентте жасалған" жобасы аясында хабарлады.
Мұндағы қант толықтай отандық шикізаттан жасалады. Ал кофенің құрамындағы заттар Индонезиядан әкелінеді. Барлығы да табиғи таза өнімнен дайындалады. Мұндағы кофенің түрі 3 бөлек өнімнің 1 бүтін нұсқасы. Яғни, қант, кофе, сүт араласқан. Кофе мен қанттың да үш түрі сатылады. Кішкентай және ірі қорапта. Сондай-ақ, қаппен. Фабрикаға қондырғылар Түркиядан әкелінген.
- Кофеміз табиғи және кілегейлері де сондай. Бізде тек кокостық негізде істелген кілегей қолданылады. Біздің кофенің сапасы өте жақсы. Бағасы да қолжетімді. Қантымыз да өте жақсы. Бізде істеліп жатқан құрал-жабдықтың бәрі Түркиядан әкелінген, - дейді «Nefis Group» ЖШС бас директоры Әлімжан Убайдуллаев.
«Nefis Group» компаниясы шығаратын кофе мен қанттың бағасы нарықтың өлшемімен алғанда арзан. Бірақ, сапасы өте жоғары. Фабрика басшылығы алдағы уақытта өнімнің мөлшерін арттырып, экспорттық әлеуетін де қуаттай түсуді көздеп отыр.