Санитария талаптары түсіндірілді

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері қалалық Білім, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларымен бірлесіп 5-7 наурыз күндері семинар өткізді. Үш күнге ұласқан шараға аудан аумағында орналасқан жекеменшік, мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және білім беретін мекемелердің мамандары, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету коммуналдық мемлекеттік орталықтарының басшылары және медицина қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №95-VII ҚРЗ Заңына сәйкес, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тергеп-тексеру, талаптарға сәйкестігіне тексерулер және жоспардан тыс тексерулер жайында ақпараттар түсіндірілді.

Әр нысан өзін-өзі бақылау мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-IV Кодексінің 51 бабы, 2, 3 тармағында  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ-нің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығы талаптарын орындауға міндетті екендігі түсіндірілді. 

Сондай-ақ, «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ-нің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы, «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығы,  «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 мамырдағы №44 бұйрығы, «Халыққа профилактикалық егулер жүргізу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №150 бұйрығы және «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулы талаптарының сақталуы, қолданылуы жөнінде талқыланып түсіндірілді.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан белсенділік танытылып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша сұрақтар қойылып, басқарма мамандары тарапынан тиісті толық жауаптар берілді.

К.Адырбаева,

Шымкент қаласы, Абай ауданының СЭББ басшысы

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Санитария талаптары түсіндірілді