Жеңіл өнеркәсіп өнімінің сапасы мен қауіпсіздігі

IMG_0688.jpeg

Жеңіл өнеркәсіп саласы жалпы халықтық және тек қалада ғана
орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық
жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен,
көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен
байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен
қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген тамак өнеркәсіптері көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар
пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық
шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер
ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын тауарлар, ең алдымен мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын, машиналық өндіріс тәсіліндегі кілемді бұйымдар мен жабындылар, киіз, жұқа киіз және тоқусыз материалдар, терілер мен тері бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы.
Аталған өнімдердің қауіпсіздігі Кеден Одағының 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен реттеледі.
Кез келген өнімді сатып аларда сыртқы қаптамадағы таңбалануға назар аударыңыз. Таңбалану келесідей қажетті ақпараттармен қамтылуы тиіс:
· өнімнің аталуы;
· өндіруші елдің атауы;
· өндіруші не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның атауы;
· өндірушінің не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның заң бойынша мекен-жайы;
· бұйым өлшемі;
· шикізат құрамы;
· тауар белгісі (бар болған жағдайда);
· нарықта Кеден одағы мемлекеттер-мүшелерінің өнімге беретін бірыңғай белгісінің болуы;
· өндірушінің кепілдеме міндеттері (қажет болған жағдайда);
· өндірілген күні;
· өнім партиясының нөмірі (қажет болған жағдайда).
Өнім түрлеріне байланысты салмақ, сұрыпы, үлгісі және т.б. көрсеткіштері көрсетіледі.
Жеңіл өнеркәсіп өнімі нарық айналымына шықпас бұрын, мағлұмдама сәйкестігі немесе сертификаттау түрінде болатын, осы техникалық регламент талаптарына сай сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуі тиіс. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып
табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады.

М.Сатымбекова,

Әл-Фараби ауданы СЭББ маманы