Нұрбек НЫШАНОВ: Той-томалақ тиылса, індет те өршімейді

Screenshot_2.jpg

Нұрбек НЫШАНОВ, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

-Нұрбек Садықбекұлы, Түркістан облысында әлемді жайлаған   коронавирусты инфекцияның эпидемиологиялық  жағдайы  қандай? Қанша  адам сырқаттанды? Қанша науқас  жазылып шықты? 

-ҚР ДСМ-нің эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілген. Бүгінгі таңға дейін Түркістан облысы бойынша 1 тамыз бен 06 желтоқсан  аралығында пневмония   ауруымен 873 науқас анықталып 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 44-ті  құрады. 

2020 жылдың 06 желтоқсанына  COVID-19  расталған жағдайы - 3513, 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 177,2-ні  құрады. Оның ішінде симптомдармен-1331 (37,8%) жағдай, ал симптомдарсыз-2182 (62,2%) жағдай тіркелген.

Соңғы тәулікте 06.12.2020ж. коронавирустық инфекциядан 4 жағдай тіркелді (Түлкібас-2,Төлеби-1, Сайрам-1).

05.12.2020ж. коронавирустық инфекциядан 5 жағдай тіркелді (Сайрам-4, Түлкібас-1).

06.12.2020ж.  пневмония аурушаңдығынан 2 жағдай тіркелді (Сарыағаш-1, Сайрам-1).

05.12.2020ж.  пневмония аурушаңдығынан 3 жағдай тіркелді (Сарыағаш-2, Сарыағаш-1).

Бүгінгі күнге сауығып шыққандар – 3415  (98,1%), оның ішінде стационарда емделгендер-999 (29,7%), үй  жағдайында  емделген симптомдарсыз науқастар  – 2406 (70,3%) адам. 

Қазіргі таңда стационарлық ем қабылдап жатқандар–10, амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатқандар–42 адам. Қарым-қатынаста болған 231 адам  медициналық бақылауда. 

Инфекциялық стационарлардың төсек орын жүктемесі 5,0%. Жалпы төсек орын саны -600.  Жатқызылғаны-30.  Бос орындар саны-570.  Яғни, төсек орын саны жеткілікті. 

-Облысымызда   мектеп  оқушыларының  арасында  аталған індетті жұқтырғандардың  саны  қанша?

-Оқу жылының басынан оқушылар арасында КВИ аурушаңдығынан 13 жағдай тіркелді: Сайрам-10ж., Жетісай-2., Келес-1ж., Бәйдібек-1ж.  Мектеп  оқушыларының 12-і  онлайн (қашықтықтан),  1-і оффлайн (Бәйдібек) оқу түрімен  оқытылады. 

Оқытушылар арасында КВИ аурушаңдығынан 5 жағдай тіркелді: Мақтаарал-2ж., Созақ-1ж., Сайрам-1ж., Түлкібас-1ж.  Мектеп оқытушылары онлайн оқу түрімен оқытылады.

  Індет  облыстың  барлық әкімшілік аумағында тіркелді, атап айтқанда  Түркістан қаласында -722, Кентау қаласында-628, Сайрам ауданында-455,  Созақта-310, Төлебиде-267, Арыс қаласында-174,  Жетісайда-196,  Түлкібаста-130, Бәйдібекте-122, Отырарда-111, Ордабасыда-97, Мақтаралда-101, Сарыағашта-99, Қазығұртта-39, Келесте-39, Шардарада-23 науқастан   анықталған. 

   Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлері–212 (Туркестан-47, Жетісай-34, Сайрам-26,   Төлеби-25,  Кентау-19, Сарыағаш-13, Арыс-13,  Бәйдібек-13,  Созақ-6, Түлкібас-5, Ордабасы-3, Келес-3, Қазығұрт-2, Махтаарал-2, Шардара-1). 

 -20 қарашада Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  №45  Қаулысы шықты. Осы Қаулыда қандай өзгерістер бар?

- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 17 қарашадағы №21-5/05-2560 хаттамасына сәйкес, «Түркістан облысында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы» Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №45 Қаулысы қабылданды. 

  Қаулыға сәйкес 20 қарашадан бастап  қалыпты режимде контингенті  5-тен 300 адамға дейінгі мектептерде, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін оқуға рұқсат етілді.

Жалпы білім беру мектептерінде кезекші сыныптар 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жинақталуы 15 баладан асырмай, білім алуларына рұқсат етілді.

Азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың қызметі демалыс күндері (сенбі-жексенбі) және мереке күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, 1 келушіге 4 ш. м. 30% - дан асырмай  толтырумен жұмыс істеуіне рұқсат етіліп отыр.

Алып кету және жеткізіп беру режиміндегі қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін, санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, шеткі көрші үстелдерден кемінде 2 м. әлеуметтік қашықтықты сақтап, ашық ауада және жабық бөлмеде залда 50-ден аспайтын отырғызу орны орнатыла отырып (ұжымдық іс-шараларсыз) рұқсат етіліп отыр.

 Сауда ойын-сауық орталықтарындағы (жеке бөлмелерде) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі шеткі көрші үстелдерден кемінде 2 м. әлеуметтік қашықтықты сақтап, ұжымдық іс-шараларсыз, 50-ден аспайтын отырғызу орыны орнатыла отырып, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін шектелсін, жексенбі және мереке күндері жұмыс істеуіне тиым салынды.

Сауда саласындағы объектілердің, оның ішінде пісірілген өнімдерді, фастфудты, жұмсақ балмұздақты, сусындарды өткізу дүңгіршектері қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық  режиммен  сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс жасауына рұқсат етіліп отыр.

Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін шеберханасы, аяқ киім шеберханалары, тұрмыстық техника, аяқ киім мен киім жөндеу жөніндегі объектілер, химиялық тазалау, кір жуу, телефон, компьютер, сағат жөндеу) қызметі қалыпты режимде жұмыс жасайтын болады.

Жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуу, шиномонтаждау, автобөлшектер дүкендерінің, «өзіне-өзі қызмет көрсетумен» автожуу қызметі қалыпты режимде жұмыс жасайтын болады.

Аптаның 7 күнінде қала ішілік  қоғамдық көліктердің  сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істеулеріне рұқсат етілді.

-Түркістан облысы бойынша коронавирусты инфекция анықталған ошақтарға эпидемияға қарсы қандай  іс-шаралар жүргізілуде? 

-Түркістан облысы бойынша  «COVID-19»  зертханалық расталған 3513 науқас бойынша 2722 ошақ  анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Ошақтардағы  қарым қатынастағылар саны 13646.  

Қарым қатынаста болғандардың 1810-ы медициналық бақылау үшін карантиндік стационарларға жатқызылды, үй жағдайында карантинге қалдырылғандар саны - 11834 адам.  Тіркелген инфекция ошақтары және қарым-қатынастағылар бойынша     эпидемиологиялық іс-шаралар жалғасуда. ПТР зертханалар саны-10, Бүгінгі күнге дейін полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен  310 835 адам тексеруден  өткізілді, оң нәтижемен анықталғаны – 3513. Бір тәулікте – 2170 ПТР тесттердің қалдығы – 49459.

- Нұрбек Садықбекұлы, облыс тұрғындары мен қонақтарына инфекцияны жеңіп шығуымыз үшін қандай кеңес бересіз? 

- Облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік және санитариялық-дезинфекциялық талаптарды мұқият сақтауға шақырамын. Кез-келген мерей тойлар, еске алу, шығарып салу, құдалық, той, беташар және тағы басқа жиындарды өткізбеуді сұраймын.

Сонымен қатар әр жеке тұлға жеке бас гигиенасын сақтай отырып, көшеде, қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналатын объектілерде міндетті түрде бетперделік режимді және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды сұраймын. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда! 

Әңгімелескен: А ЖҰМАБЕК