Мадина МАМБЕТОВА, акушер-гинеколог: акушер-гинеколог: Жүктілік пен босану - сырқат емес

Screenshot_6.jpg

Мадина МАМБЕТОВА, Түркістан облыстық  №2 перинаталдық орталығы бас дәрігердің орынбасары 

–Ел арасында жүктілікке қатысты ырым-тыйымдар көп айтылып жатады. Бірі негізді болса, бірі күмән оятады. Жүкті әйелдерге түйенің етін жеуге бола ма? Осы тектес ырымдар  медицина тұрғысынан дәлелін тапқан ба? 

– Әр ұлттың ата-бабасынан қалған, берік  ұстанатын дәстүрі бар.  Сол секілді қазақ халқы  ертеден жүкті әйелдерге түйенің етін жегізбеген.  Мұны мына фактілермен байланыстыруға болатын шығар.  Бір өркешті түйенің буаздық уақыты 12-14 айды құрайды. Айтарлықтай ұзақ мерзім болғандықтан  ата-бабамыз бұл аяғы ауыр әйелдерге, яғни шаранаға да әсер етеді деп сенсе керек. Медицина тұрғысынан алып қарағанда ай-күнінен асып дүниеге келген баланың денсаулығында ақау болуы ықтимал. Содан да болар түйе етімен байланысты тыйым халық арасында кеңінен тараған. Ғылыми салада  бұл тақырыпта нақты зерттеу жоқ. Медицина түйенің еті жүктілікті ұзартатындығы туралы  тұжырымды дәлелдемеген және жоққа да шығармаған.  Дегенмен жүкті әйелдердің денсаулығына байланысты тамақтану тәртібіне мамандар  аса сақтықпен қарап, бақылап отырады.  Босанғанға дейінгі тамақтану тәртібі жайлы көптеген зерттеу жұмыстары да бар. Ырымдарды медицинамен емес, ұлттық санамен байланыстырған дұрыс деп пайымдаймын.  

–Баланы күту - тамаша және бақытты уақыт. Қазір  болашақ аналардың жүктілікті жоспарлауы үрдіске айналды. Кейбір мағлұматтарда күйзеліс сәби көтеруге кедергі келтіретіні жөнінде айтылады. Бұл  рас па?

– Күйзелісті   кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. Күйзелісте жүрген әйелдің ағзасында асқорыту жүйесі,  гармондардың қызметі, етеккір циклі бұзылады. Етеккірдің уақытының өзгеруі бала көтеруге кері  әсер етуі ықтимал. Стресс тіпті жүкті әйелдің ағзасына тіке емес жанама әсер етеді. Дегенмен жүкті әйелдерде тек физиологиялық емес, моральдық тұрғыда да өзгерістер болады. 

- «Адамнан адам шығу оңай емес» деп әжелеріміз жиі айтып отырады. Айтыңызшы, босанғаннан кейін әйелдің ағзасында қандай өзгерістер орын алады және ананың «өз-өзіне келуіне» қанша уақыт кетеді? 

– Босанғаннан кейінгі кезең (пуэрперальды)  шамамен  6-8 аптаға дейін созылады. Осы уақыт ішінде жүктілік пен босануға байланысты өзгеріске ұшыраған барлық органдар мен жүйелердің қалпына келу процессі (инволюциясы) орын алады. Ең айқын инволюциялық процестер жыныс мүшелерінде, әсіресе жатырда жүреді. Инволюциялық процестердің қарқыны алғашқы 8-12 күнде максималды түрде байқалады. Мысалы,  сүт безі ерекше дамиды. Алғашқы 2-3 күнде уыз болады. Үшінші күннен бастап уыз кетіп сүт келеді. Сол себепті баланы жиі емізу өте маңызды.  Жаңа туған нәрестенің иммунитеті үшін уыздың орны ерекше. Халқымызда әлжуаз балаларға қатысты «уызына жарымаған» сөзінің қолданылуы бекер емес. Уыздан кейін ғана сүт келеді. 

Босанғаннан кейінгі алғашқы апталарда метаболизм жылдамдайды.  Содан кейін 3-4 апта өтіп қалпына қайтады. Толғақ кезінде әйелдің қан қысымы төмендейді. Босанғаннан кейін қанның морфологиялық құрамы өзгереді. Мысалы, босанғаннан кейінгі алғашқы күндерде эритроциттер саны азайып, лейкоциттер саны жоғарылайды.Кейіннен қан да қалыпқа келеді. Тыныс алу жүйесінде  диафрагманың төмендеуіне байланысты өкпенің сыйымдылығы артады. Тыныс алу жиілігі минутына 14-16-ға дейін төмендейді.  

– Жүктіліктен кейінгі әйелдердің басты проблемасы ол іштің қалып қоюы. Дене  мүсінін қайта қалпына келтіру үшін босана салып ішті қатты қысып байлап қоюға немесе корсет киюге бола ма? Бұл ағзаға зиян келтірмейді ме?  

–Жүктілік пен босану – сырқат емес. Әйел ағзасы бұл кезеңде өзгеруі табиғи құбылыс. Негізінен дәрігерлер ішті  байлауға, корсет киюге кеңес бермейді. Себебі баланы емізу арқылы да май ыдырайды. Әрі босанғаннан 1 ай өткен соң (ауырсынулар басылған соң) спорттық жаттығулар жасауға болады. Барлығы табиғи жолмен болғаны жөн.  

– Нәрестенің мерзімінен бұрын дүниеге келуі жиі кездесетін құбылыс. Мұндай кезде жаңа туған сәбилердің тіпті емуге әлі келмейді деп жатады. Баланы  емізбеу  анасы үшін қаншалықты зиян? Бұл маммологиялық аурулардың бастауына алып келмей ме?  Жалпы мерзіміне жетіп не жеткізбей босанған аналардың ағзасында қандай ерекшеліктер бар?

– Бала дүниеге келген соң баланы ерте омырауға салу босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетіп, жатыр жиырылуына көмектеседі.  Климакс алды кезеңде аналық без және омырау ісігі даму қаупін төмендетеді.  Бала мен ана арасындағы психологиялық контактқа септігін тигізіп, аналық сезімді дамытады. 

Босанған әйелдер дәрігер бақылауында емізу ережелерімен таныс болады. Нәрестесі уақытына толмай дүниеге келген аналар сүтін сауып береді. Өз кезегінде өзі емуге әлі жетпейтін балаларға   шприц, арнайы қасық арқылы сүт беріледі. Перзентханада барлығы бақылауда. Ана мен баланың денсаулығына қатысты әр деталь ескерусіз қалмайды. Ана уызының  қатуына жол бермейміз. 

     «Шалабайларды» тамақтандырудың өз ерекшеліктері бар. Қарқынды өсуге, асқазан-ішек жолдарының жетілмеуіне байланысты құнарлы тамақтандыруды қажет етеді.  Шала туылуда нәрестені омырау арқылы емізуге болады, ал ауыр дәрежедегі жетілмей туылуда, тыныс бұзылыстары, асфиксия және ему рефлексінің әлсіз дамуынан, баланы омырау сүтімен асқазандық зонд арқылы тамақтандырады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық және ему рефлексі сақталса емізік арқылы тамақтандыруға болады.  

Мерзімінде немесе ерте босанған әйел ағзасында өзгеріс болмайды. Тек баланың даму сатысында ерекшеліктер болады. 

– Ғалымдар қазір кесарь тілігі әйелдерге төнген үлкен қауіп деп дабыл қағып отыр.  Бүгінде  ешқандай патологиясыз тек толғақтан қорыққандықтан  кесарь тілігін жасатуды қалайтын келіншектер де кездеседі  екен. Мұндай «өтініштерді» орындайсыздар ма?  Жалпы кесарь тілігі қандай жағдайда жасалады?  Ота арқылы босану әйел денсаулығына  қандай  залал келтіреді  және кесарь тілігімен  максимум неше рет босануға болады?  

– Кесарь тілігі деп құрсақ қуысы мен жатырды кесу арқылы нәресте мен оның жолдасын алып шығуды айтады. Бұл – хирургиялық жолмен жасалатын әдіс. Кез келген отаның асқынулары болатыны секілді, кесарь тілігінің де өзіндік зиянды жақтары бар. Ана мен бала саулығына қатер төнгенде, кесарь тілігін жасау оларды  құтқарумен тең. Кесарь тілігін жасатқысы келетін аналарға психологиялық диалог құрамыз. Табиғи жолмен босануға мүмкіндігі бар аналарға кесарь тілігін жасатпауға кеңес беріп, табиғи жолмен босандырамыз. Ана да бала да пациент. Екеуінде де құқық бар. Біз екеуін де ескереміз. Табиғи жолмен босану қауіпті болса, анаға ота жасау керектігін  түсіндіреміз. Қандай жолмен екені маңызды емес, ана мен баланың өмірін сақтау – маңызды. 

  Барлық фактор болашақ ананың денесінің жеке ерекшеліктері мен жағдайына байланысты. Кейбір аналар процесске  оңай бейімделеді. Жағдаят  үшінші, төртінші және бесінші нәрестенің туылуында да жеңіл өтеді. Кейбір әйелдерде бір рет жасалған кесарьден кейін қалыпқа келудің өзі ауыр процесс.  

Ота арқылы әйелдердің ана атану мүмкіндігі орта есеппен 5 балаға дейін деп көрсетіледі. Алайда, көптеген әйелдер 7-13 нәрестені қауіпсіз дүниеге әкелуде. Дәрігерлер алтыншы бала әйел үшін үлкен қауіп деп санайды.  Себебі уақыт өте келе репродуктивті орган созылып, икемділігін жоғалтады. Алайда, жасына қарай бұл адам ағзасының барлық бұлшықеттерінде болады. Кесарь тілігінен соң анаға ұзақ мерзімді қалпына келу процессі қажет. Кесарь тілігі жасалған сайын, қалыпты формаға қайту ұзара түседі. Орта есеппен, әйел ағзасы осындай 3-4 операцияға төтеп бере алады. Кесарь тілігін қанша рет жасауға болатындығы туралы акушерлердің, хирургтардың және гинекологтардың пікірлері мынадай: манипуляцияны екі-үш реттен артық жасамау керек. Мұның бәрі операцияның күрделілігіне және әйел денсаулығына төндіретін  қауіпіне  байланысты. Өйткені, кесарь тілігі кезінде перитонийдің қабаттары ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жерде репродуктивті органның аймағы да кесіледі. Дәрігерлер әр операция кезінде жаңа сегментті таңдай алмайды. Ақ халаттылар  тігілген тесікті мұқият ашуы керек. Мұның бәрі әйелдің өзі үшін де, оның кейінгі балалары үшін де үлкен қауіп. Кейбір әйелдер үшінші операциядан кейін  түтіктерді тігеді. Бұл қорғаудың сенімді әдісі және кесарь үшін ешқашан операциялық үстелге жатудың қажеті жоқ.

Егер белгілі бір себеп болмаса, кесарь тілігінен мүлдем бас тартып, табиғи жолмен босанған жақсы. Дегенмен, әйелдің денсаулығына байланысты проблемалар бар болса,  мамандар  оның табиғи босануына жол бермейді. Бұл жағдайда операция  екі-үш реттен артық жасалмағаны дұрыс. Дәрігерлер операциядан кейін жүктілік екі жылдан ерте болмауы керек деп есептейді. Үзіліс неғұрлым көп болса, бала көтеру кезінде жатырдағы тігіс соғұрлым күшті болады.  Сондықтан асқыну қаупі аз болады. Есіңізде болсын, ешқандай кесарь тілігі  із қалдырмай өтпейді. Әрқашан болашағыңызды жоспарлаңыз және  денсаулықты бақылауда ұстаңыз. Босанған әйел мен нәресте үшін кесарь тілігі  нағыз сынаққа айналғанына қарамастан, ана болу қуанышын арттырып,  біраз уақыттан кейін әйел қайтадан балалы болуды армандайды. Келесі жүктілікті жоспарлау кезінде болашақ ана өз денсаулығына зиян келтірместен қанша рет кесарь жасауға болатындығын, қандай қауіптер бар екенін және қалпына келу үшін қанша уақыт қажет екенін білуі керек.   

–Қазір Түркістан облысы бала туу көрсеткіші жағынан алдыңғы орында тұр. Әрине бұл қуантарлық жағдай. Дегенмен туылып жатқан сәбилердің денсаулығы туралы не айтар едіңіз.  Қазіргі таңда туа бітті  ақаумен   өмірге келетін балалар көп пе? Жиі кездесетін аурулар қайсы? Және олардың туындау себебі неде?

  – Туа біткен ақаулар – ұрықтың  дамуының бұзылуының салдары. Бұл фактор көп жағдайда баланың мүгедектігі мен өліміне әкеледі.

Статистикалық деректерді сөйлететін болсам 2018 жылы біздің орталықта 81 нәресте түрлі ақаулармен дүниеге келді.  Ал өткен жылы мұндай сәбилердің саны 73 болған.  Ағымдағы жылдың 10 айында 77 сәбиден туа бітті ақау анықталып отыр. 

    Жаңа туылған нәрестелер арасында ең жиі кездесетін ақау ол  жүрек аурулары. Сондай-ақ   анэнцефалия, мидың дамымауы, ерін мен таңдайдың жырық болуы, Даун синдромы секілді кеселдер де жиі кездесіп жатады.  Бұл ақаулардың пайда болуы ішкі (гормоналды бұзылулар, тұқым қуалаушылық, жыныстық жасушалардың биологиялық кемтарлығы) және сыртқы (химиялық заттардың, иондаушы сәулелердің әсері, және басқа да факторлар), инфекциялар (қызылша, шешек, қызамық, цитомегаловирус), есірткіні немесе ірі алкоголь дозалары ұрықта ақаулардың дамуына әкелуі мүмкін.

Никотин, сынап, бензол және т. б. сияқты заттар ерекше қауіпті жеке дәрілік препараттар. Туа біткен ақаулардың жиі кездесетін тағы бір себебі жүкті әйелдің рационындағы дәрумендердің жетіспеушілігі, әсіресе фолий қышқылы. Көбінесе бұл патология: алкогольді тұтынудан туындаған генетикалық мутациялар нәтижесінде, иондаушы радиацияның және басқа да зиянды факторлар әсерінен деп түсіндіріледі.

–Егіз, үшемдердің дүниеге келуі генге байланысты ма жоқ әлде басқа да себептері бар ма? Мысалы табиғи жолмен егіздер мен үшемдер қай кезде дүниеге келуі мүмкін? Осы орталықта биыл  қанша егіз, үшем дүниеге келді?

– Соңғы онжылдықтарда бүкіл әлемде егіздер мен үшемдер  дүниеге келуі көбейген. Бұл жағдаят медициналық тәжірибеге жоғары тиімді репродуктивті технологиялардың кеңінен енгізілуімен түсіндіріледі. 

Егіздердің дүниеге келуі келесі факторлардың аясында пайда болады:

1. Тұқым қуалаушылық (егер отбасында егіздер дүниеге келген болса, онда егіздерге жүктіліктің ықтималдығы артады);

2. 30 жастан асқан әйелдің жүктілігінде;

3. Тұжырымдама гормоналды контрацептивтерді алып тастағаннан кейін бірден пайда болды;

4. Бедеулікті емдеуде овуляцияны ынталандыру әдістерін қолдану;

5. ЭКО қолдану.

     Осыдан 30 жыл бұрын табиғи жолмен егіздердің  дүниеге келуі  100-ден 30 пайызды  құраса, қазір жаңа репродуктивті технологиялар аясында 50 пайызға артып отыр.   Былтыр орталығымызда 103 егіз дүниеге келсе, ағымдағы жылдың 10 айында 119 егіз дүние есігін ашты. Өткен жылы орталықта үшемдер туылмаған еді. Биыл  Жетісай ауданынан келген пациентіміз үшем дүниеге әкеліп, бізді қуантты. 

- Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен:  Балерке ӘСІЛХАН

Screenshot_7.jpg

Түркістан облыстық  №2 перинаталдық орталығы