Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Screenshot_13.jpg

Қазақстан аумағы әлемде 9-шы орын алады. Осынша үлкен территориямызға қызығушылар көп. Ұлан-ғайыр жерді игеру үшін елімізде халық саны да көп болу керек. Еліміздің аумағына сәйкес халық саны да артса мемлекетіміз бәсекеге қабілетті болады. Көптеген облыс орталықтарында, ауыл-аймақтарда адам саны артса жұмыс та көбейіп, тіршілік те қызу қайнайды. Тіршілік қайнаған жерде кәсіпкерлер арасында бәсекелестік пайда болып, сапалы қызмет, сапалы тауарлар да өндірілмек. Ал кәсіпкерлік - ел экономикасының негізгі қозғаушы күші.

Осы орайда еліміздегі демографиялық ахуалды жақсарту үшін мемлекет тарапынан көптеген әлеуметтік бағдарламалар қолға алынған. Осы жобаның арқасында көпбалалы аналар қаржылай қиындық көрмей келе жатыр. Мемлекет оларға барынша қолдау көрсетуде.

Бүгін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев аудандағы алтын құрсақты аналар Эльвира Есбергенова мен Ельзира Байдарбекованы қабылдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Күміс» алқа төсбелгілерін табыс етіп, құттықтау тілегін білдірді. Көпбалалы аналар өз кезегінде аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.

Еліміздің халық саны мен ел демографиясына үлес қосып отырған ақ жаулықты аналарға әрқашан да құрмет көрсетіле бермек.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді