Тарихты заманауи танымдық форматта зерттеу турының маңызы зор

Screenshot_4.jpg

Туристер Түркістанның атын күллі әлемге әйгілі еткен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі тәу етуге келген болса, қазіргі таңда түрленген шаһар қонақтарын таңқалдырмай қоймайды. Бүгінгі Түркістан жас баладан еңкейген қарияға дейін қабылдауға дайын. Сонымен Түркістанға келе қалсаңыз, қайда барған жөн.

2022 жылдың қараша айынан бастап Түркістан облысында әр түрлі жастағы туристер үшін жаңа бірегей турлар Қ.А. Яссауи кесенесінің жанындағы визит орталығында ұйымдастырылуда.

1) Тарихты заманауи танымдық форматта зерттеу туры.

Тур «Жеті ата қақпадан» бастау алып, қатысушылар ортағасырлық қаланың тарихы мен оның қорғаныс құрылыстары туралы мәліметтермен танысады. Содан соң, ортағасырлық «Сарбаздар эстафетасы» магистралі арқылы өтіп, Қазақ хандығының пайда болуы, хан, би, батырлардың рөлі мен маңызы туралы біледі. Сосын қатысушылар хан сайланған ордаға барып, сұрақтар қою арқылы квест ойнайды. Кейіннен хан, би, батырлардың атрибуттарын іздеп Qazaqsha триатлонға барады, онда дәстүрлі қазақ ойындарын экспресс форматта ойнап, артынша «Шаңырақ көтеруде» киіз үй орнатып, музыкалық аспаптарында ойнау және музыкалық композиция жасау мүмкіндігі бар «Көңіл Күй» станциясында тур аяқталады.

Барлық станцияларды өту кезінде қатысушылар челледждерді орындап, әлеуметтік желілерде бөлісе алады. Осы арқылы Түркістанды басқа азаматтарға көрсетіп, насихаттай алады. Осылайша Түркістанды әлеуметтік желіге тарату арқылы оның танымалдылығын арттырады. Нәтижесінде қалаға келетін туристер саны бұдан да арта бермек.