Сарыағаш шипажайы туристерге сапалы қызмет көрсетеді

Screenshot_1.jpg

Сарыағаш шипажайындағы Бірінші корпус бар. Мұны бас корпус деп те атайды. «А» және «Б» бөлігінен түратын ғимараттың «А» бөлігіндегі үш қабатында 150 адамдық жатын орны болса, жапсарлас екі қабатты бөлігінде кейбір бальнеологиялық емдер жүргізетін бөлмелермен қатар физиотерапия ашылды. «Б» бөлігінде әкімшілік, асхана, кинозал, кітапхана, зертхана, стоматология бөлімдері орналасты. Фойеде бильярд пен теннис ойнайтын мүмкіндіктер бар еді. Бұл корпустың алғашқы демалушыларының қатарында Бауыржан Момышұлы, Сәбит Мұқанов, Қасым Қайсенов, Сапарғали Бегалин, Шафик Шокин, Әлкей Марғұлан, Кененбай Қожабеков сынды халқымыздың біртуар азаматтары болды. Екінші, үшінші корпус екеуі бір-біріне ұқсас. Әрқайсысында бір мезгілде 50 адамнан орналастыру мүмкіндігі бар, сол кездегі санаторийлерге қойылатын талаптар ескеріліп салынған еді. Үлкен терезелерінен балкон тұтастай көрінеді. Таза ауамен тыныстауға, күн сәулесі молынан түсу жағы қарастырылған. Бөлмелері үш-төрт кісілік. 

Екі корпусқа да 2011-2012 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу нәтижесінде демалушылардың көңілінен шығатын, уақыт талабына сай көрікті ғимаратқа айналды. Мұнда 20 ванна қойылды. Алғашқы кезде емхананың кіреберісі мен екі қанаты ғана болып, қазіргі ортаңғы және төменгі бөліктері жоқ еді. Асқазан, ішек шаю, массаж бөлмелері, емдік дене шынықтыру, емнен кейін тынығу залдары бар еді. Бес қанатты киіз үйдей дөңгелене салынған арасан суын ішетін «бювет» бас корпустың алдына орналасты.