Иса ата - шипалы судың шарапаты

Screenshot_15.jpg

Сарыағаш ауданы Көктерек кентінің шығыс жағында биіктікте орналасқан.  Кесененің төмен жағында Сарыағаш шипажайы бар. 

Иса ата ХҮІІІ ғасырда ғұмыр кешкен әулие. Иса ата жөнінде мол деректерді жинап, елге жеткізушілердің бірі Анақұл баба.    Соңғы жылдары бұл атаның басына зияратқа барушылар, түнеушілер көп-ақ.

Тағы бір сөз Иса атадағы тас туралы.  Тесіктас -ата сүйегі жатқан жерден шамамен алғанда зияраттың батыс жағында 500 метр жерде, жотаның Келеске құяр жиегінде. Ол тесік тасқа зияратшылар өздері барып кезек-кезек тесік тастың шығыс жағынан етпеттей жата кіріп батыс жағынан шығады. Тесіктастың ұзындығы шамасы жарты метрден сәл-ақ асады. Онда да түп- тура емес тесіктен өткен адам ептеп оң жағына иіріліп барып өтеді. 

Зияратшылардың түсінігінше оларды негізінен бастап барушылар бата алған тәуіптер. Тесіктастан өткенде тас денеге тиген жерлеріндегі зиянкесті, кеселді алып қалады деген ұғым бар.

Курорт ардагері Қ.Көкеевтың айтуынша, 1958 жылдың қараша айында Қазақстанның сол кездегі Министрлер кеңесінің төрағасы Д.А.Қонаевтың Мақтаралдан қайтып келе жатып, Сарыағашқа соғуы оның өсуіне жаңа бетбұрыс әкеледі. 3-4 ай өтпей, 1959 жылдың 1-ші наурызында «үлкен Сарыағаштың» құрылысы басталады. Жаңа құрылысты «ескі курорттың» 1,5 шақырымдай солтүстігінен бастағаны оң шешім болған. Келес өзеніне жақын және үш ғасырдан бері киелі әулие Иса – ата сағанасы тұрған Керегетас төбесінің түбі. Ол кісі Төле –би заманында өмір сүрген деседі. Аңыздар ыстық алақанының жылуымен ауру –сырқауларды емдегендіктен Ыстық –ата аталғанынан хабардар етеді. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Иса ата - шипалы судың шарапаты