Сарыағаш ауданының туристік әлеуеті жоғары

Screenshot_5.jpg

Сарыағаш ауданы Түркістан облысының туристік әлеуеті дамыған аудандардың қатарына кіруге мүмкіндігі мол. Себебі мұнда емдік қасиеті бар су көп. Емдік мақсатта ауданға келетін туристер саны өте көп. Сарыағаш аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлайдар Әмірхановтың айтуынша туризмді дамыту үшін Сарыағаш ауданы әкімдігі тарапынан көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, осы күні туристік салаға 1,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл қомақты қаражат жалпы ауданның туристік инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалды.

Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, туристік мақсаттағы жобаларды жүзеге асыру үшін жүргізілген құрылыс жұмыстары шығынының бір бөлігін бюджет есебінен субсидиялау мәселелері туралы жаңадан туристік объектілер салып жатқан немесе жобалап отырған ауданның кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Олардың құрылыс жүргізулеріне қолайлы жағдайлар жасап, заң аясындағы қолдаудың барлық түрі жасалуда.

Ал, Сарыағашқа келетін шетелдік саяхатшыларды орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемесі аудандық мәслихатының шешімімен 2022 жылға 0 пайыз болып бекітілді. Қазіргі кезде осы мәселе бойынша аудандағы барлық қонақүйлердің басшыларымен бөлім мамандары кездесіп, барлық қонақүйлерге «Е-қонақ» ақпараттық жүйе орналастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.