Мектеп асханаларында тамақтану стандартын енгізу туралы


2025 жылдың 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандарты күшіне енді.  Оның әзірленуінде балаларды қауіпсіз, сапалы әрі теңгерімді өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған заманауи халықаралық талаптар ескерілген.

Стандарттың негізгі артықшылықтары- тұзды, қантты және майларды тұтынуды азайту, рационға көкөністер мен жемістерді көбейту, сондай-ақ мәзірден табиғи емес тағам өнімдерін алып тастау болып табылады. Атап айтқанда, құрамында қант бар сусындар мен шырындар газсыз суға, сүтке, қышқыл сүт өнімдеріне, жеміс шайларына, компоттарға және қант мөлшері төмен, термиялық өңдеуден өткен жеміс-жидек сусындарына алмастырылды. Сондай  ақ, мәзірге бұршақ өнімдері  (жасыл бұршақ, фасоль, бұршақ, жасымық, маш, ноқат) тағамдарға қосымша ретінде беріледі.

Білім беру мекемелерінде бракеражды комиссия (құрамына мекеме әкімшілігінен, медициналық қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді) айына 1 реттен кем емес мерзімде тағамның сапасына, сақтау жағдайына және мерзіміне тексеру жүргізеді, жеуге жарамсыздық  индексіне талдау жасайды.

Жеуге жарамсыздық индексі  килограммен берілген тамақ қалдығының массасын берілген тамақ  массасына бөліп, оны 100 % -ға көбейткенге тең болады. Жеуге жарамсыздық индексін өлшеу 10  % -дан аз болса оңтайлы индекс, 10-30  %  -  тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылаудағы және қолданыстағы  мәзірді талдаудағы  қажет ететін тәуекел аймағындағы индекс, 30 % -дан астам берілген тағамды бағалау және мәзірді түзету бойынша шұғыл  шараларды қажет ететін тәуекелі жоғары аймақтағы индекс.

Тамақтану стандартын енгізу оқушыларды анағұрлым сапалы әрі пайдалы өнімдермен қамтамасыз етіп, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға маңызды қадам болып табылады.

Р.Сапарбекова,

Еңбекші ауданының СЭББ бөлім басшысы

 

 


Кейінгі: Көптеген
Алдыңғы: Ботулизм