Құтыру ауруының алдын алыңыз!
Құтыру ауруы – бұл орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім жағдайына әкеліп соқтырумен сипатталатын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы.
Құтыру ауруы қалай жұғады? – (60%-70%) жағдайларда жұқтыру көзі иттер болып саналады.
Құтырудың табиғи ошақтарында қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі және т.б. жабайы хайуандар арасында айналымда болып, үй жануарларына тістелу, тырналу, сілекейленуі арқылы жұғады. Көп жағдайда вирус ауру жануарлардан жарақат алып, тістелген, тырналған немесе сілекейленген жағдайда зақымдалған тері қабаты арқылы еніп, нерв талшықтарымен бас, жұлын миына жетіп, онда көбейіп, жинақталады.
Құтыру ауруының негізгі клиникалық көріністері:инкубациялық кезең ( ауру қоздырғышын) жұқтырғаннан –аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім – 12 күннен -1 жылға дейін созылуы мүмкін, ұзақтығы тістелген орынға байланысты.
Аурудың алғашқы белгілері: тістелген тыртық орнының ауыруы, қызаруы,ісінуі, жансыздануы байқалады.Қорқыныш, үрейлену сезімдері пайда болады, басының ауыруы тітіркенушілік, тынысалу мен жұтынудың қиындауы және дене қызуының кенеттен 38-40 0С-қа дейін көтерілуімен сипатталады. Қозу кезінде су ішерде ,суды көргенде немесе оны ойлаған кезде (гидрофобия) жұтқыншақ пен көмекейдің спазмаларымен, одан әрі ауаның қозғалысынан (аэрофобия), жарықшамның әсеріне (фотофобия), қатты дауыстың, шуылдың әсеріне (акустикофобия) ұстама пайда болады.
Құтыру ауруының алдын-алу: Құтырудың алдын алу мақсатында жануарлардан жарақат алып, тістелінген, тырналынған немесе сілекейленген жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемелеріне медициналық көмекке қаралуы қажет. Жануарлардан жарақат алған,тістелінген, сілекейленген немесе тырналған жағдайларда жарақат орыны сабынды таза сумен және сабынмен жуылып, жарақат айналасы йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандырып,міндетті түрде антирабикалық егу алуы тиіс. Әрбір жарақат алған адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі түрде құтыруға қарсы екпе алу болып саналады. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, жергілікті мал дәрігерлеріне көрсетіп, тиісті кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз қажет.Өз денсаулықтырыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!
Адамдарға «Құтыру» ауруына қарсы екпелер тегін жасалады!
Е. Джуматаев
Сауран аудандық СЭББ жетекші маманы
