Ботулизмнің алдын алу


Ботулизм – қауіпті жұқпалы ауру. Ботулизм – адам өміріне аса қауіпті, сирек кездесетін, бірақ өте ауыр өтетін жұқпалы ауру. Бұл ауру Clostridium botulinum деп аталатын бактерия бөлетін улы заттың (ботулотоксиннің) әсерінен пайда болады.

Ботулотоксин – табиғаттағы ең күшті улағыш заттардың бірі. Ботулизмнің пайда болу себептері Ботулизм көбіне үй жағдайында дайындалған тағамдарды тұтыну салдарынан пайда болады. Әсіресе:

- үй консервілері (саңырауқұлақ, көкөніс, ет, балық);

-дұрыс тұздалмаған немесе ысталған балық;

-қақталған ет өнімдері;

Бактерия оттегісіз ортада көбейіп, улы зат бөледі. Ал бұл у жоғары температураға төзімді және тағамның дәмі мен иісін өзгертпеуі мүмкін. Аурудың белгілері Ботулизмнің белгілері тағамды қабылдағаннан кейін 6 сағаттан 2 тәулікке дейінгі аралықта байқалады.

Негізгі белгілері: көрудің нашарлауы (қос көріну, көз алдында тұман); ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы; сөйлеудің бұзылуы; бұлшықеттердің әлсіреуі; тыныс алудың қиындауы. Уақытында медициналық көмек көрсетілмесе, ауру өлімге әкелуі мүмкін. Алдын алу шаралары Ботулизмнің алдын алу үшін: үй консервілерін дайындау кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтау; бомбажы бар (ісінген) банкаларды қолданбау; белгісіз жерде дайындалған тағамдарды тұтынбау; тағамды қолданар алдында мұқият тексеру; күмәнді тағамды мүлде жемеу қажет. Ботулизм – өте қауіпті ауру, бірақ оны алдын алу өз қолымызда. Тағам қауіпсіздігін сақтау, әсіресе үйде дайындалған консервілерге мұқият болу – денсаулықты сақтаудың басты кепілі. Ауру белгілері байқалса, дереу дәрігерге жүгіну қажет.

  С.Сандыбаева

Абай аудандық СЭББ жетекші маманы

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ботулизмнің алдын алу