Нипах - емі жоқ вирус!
Нипах вирусы (Nipah virus, NiV) - адам мен жануарларга қауіпті, өлім-жітімі жоғары жедел жұқпалы ауру қоздырғышы. Бұл вирус алғаш рет 1998-1999 жылдары Малайзияда тіркеліп, кейін Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бірнеше рет індет туғызган. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Нипах вирусын аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.
Нипах вирусы Paramyxoviridae тұқымдасына, Henipavirus туысына жатады. Вирус РНҚ -құрамды, сыртқы ортаға төзімсіз, бірақ адам ағзасында тез таралып, ауыр клиникалық көрініс береді.
Инфекция көзі мен жұғу жолдары
Негізгі табиғи резервуары — жеміс жарқанаттары (Pteropus).
Адамға жұғу жолдары:
•жұқтырған жарқанаттармен немесе олардың бөлінділерімен жанасу;
* жұқтырған шошқалар арқылы;
* шикі немесе ластанған жеміс-жидек, құрма шырынын пайдалану;
* ауру адамнан адамға (тығыз байланыс,медициналық көмек көрсету кезінде).
Клиникалық белгілері
Инкубациялық кезеңі: 4-14 күн (кейде 45 күнге дейін).
Негізгі симптомдары:
* дене қызуының көтерілуі;
* бас ауруы, бұлшықет ауыруы;
* құсу, әлсіздік;
* жөтел, тыныс жетіспеушілігі;
* сананың бұзылуы, құрысулар;
* жедел энцефалит (ми кабынуы).
Ауру ауыр турде өтіп, өлім-жітім керсеткіші 40-75% дейін жетуі мүмкін.
Диагностикасы
Нипах вирусын анықтау тек арнайы зертханалардажүргізіледі:
* ПТР әдісі (РНҚ анықтау);
* серологиялық зерттеулер (IgM, IgG);
* вирусологиялық талдау.
Материал ретінде қан, жұлын сұйыктығы, тыныс жолдары бөлінділері алынады.
Нипах вирусының алдын алу шаралары
Нипах вирусы - аса қауіпті зоонозды инфекция, адамнан адамга жұғу қабілеті бар және өлім-жітімі жоғары.
Арнайы вакцинасы мен этиотропты емі болмагандықтан, аурудың алдын алу - негізгі және ең тиімді қорғаныс жолы болып табылады.
Жалпы алдын алу шаралары
* жабайы жануарлармен, әсіресе жеміс жарқанаттарымен тікелей байланысқа туспеу;
* жануарлар бөлінділерімен ластанған азық-түліктіқолданбау;
* жеміс-жидектерді пайдаланар алдында мұқият жуу және қабығын аршу;
* белгісіз көзден алынган шикі құрма шырынын ішпеу;
* жеке бас гигиенасын қатаң сақтау (қолды сабындап жуу).
Медициналық мекемелердегі алдын алу
* Нипах вирусына күдікті науқастарды жедел оқшаулау;
* пациентпен байланыста болған медицинақызметкерлерінін:
* медициналық маска,
* респиратор,
* қолғап,
* қорғаныш халат,
* көзілдірік қолдануы;
* инфекциялық бакылау жане қауіпсіздікалгоритмдерін сақтау;
* медициналық құралдарды толық дезинфекциялау;
* медициналық қалдыктарды биологиялық қауіптіқалдык ретінде жою.
Адамнан адамға жұғудын, алдын алу
* тығыз қарым-қатынасты шектеу;
* үй жадайында күтім жасау кезінде жеке қоранышқұралдарын колдану;
* наукастың жеке ыдысы мен тұрмыстық заттарынбөлек пайдалану;
* байланыста болған адамдарды 14-21 күн медициналық бакылауға алу.
Эпидемиологиялық қадагалау
* күдікті жағдайларды уақтылы тіркеу және хабарлау;
* науқастармен байланыста болған адамдардыанықтау;
* шекаралық және санитарлық бақылауды күшейту;
* зертханалық диагностиканы дер кезінде жургізу.
Г.Имантаева,
Абай ауданының СЭББ бөлімі басшысы міндетін атқарушы
