Нипах вирусынан сақтаныңыздар!

 

Нипах вирусы (Nipah virus, NiV) - адам мен жануарларга қауіпті, өлім-жітімі жоғары жедел жұқпалы ауру қоздырғышы. Бұл вирус алғаш рет 1998-1999 жылдары Малайзияда тіркеліп, кейін Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бірнеше рет індет туғызган. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Нипах вирусын аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.

Нипах вирусы Paramyxoviridae тұқымдасына, Henipavirus туысына жатады. Вирус РНҚ - құрамды, сыртқы ортаға төзімсіз, бірақ адам ағзасында тез таралып, ауыр клиникалық көрініс береді.

Инфекция көзі мен жұғу жолдары

Негізгі табиғи резервуары — жеміс жарқанаттары (Pteropus).

Адамаға жұғу жолдары:

•жұқтырған жарқанаттармен немесе олардың бөлінділерімен жанасу;

* жұқтырған шошқалар арқылы;

* шикі немесе ластанған жеміс-жидек, құрма шырынын пайдалану;

* ауру адамнан адамға (тығыз байланыс, медициналық көмек көрсету кезінде).

Клиникалық белгілері

Инкубациялық кезеңі: 4-14 күн (кейде 45 күнге дейін).

Негізгі симптомдары:

* дене қызуының көтерілуі;

* бас ауруы, бұлшықет ауыруы;

* құсу, әлсіздік;

* жөтел, тыныс жетіспеушілігі;

* сананың бұзылуы, құрысулар;

* жедел энцефалит (ми кабынуы).

Ауру ауыр турде өтіп, өлім-жітім керсеткіші 40-75% дейін жетуі мүмкін.

Диагностикасы

Нипах вирусын анықтау тек арнайы зертханаларда жүргізіледі:

* ПТР әдісі (РНҚ анықтау);

* серологиялық зерттеулер (IgM, IgG);

* вирусологиялық талдау.

Материал ретінде қан, жұлын сұйыктығы, тыныс жолдары бөлінділері алынады.

Нипах вирусының алдын алу шаралары

Нипах вирусы - аса қауіпті зоонозды инфекция, адамнан адамга жұғу қабілеті бар және өлім-жітімі жоғары.

Арнайы вакцинасы мен этиотропты емі болмагандықтан, аурудың алдын алу - негізгі және ең тиімді қорғаныс жолы болып табылады.

Жалпы алдын алу шаралары

* жабайы жануарлармен, әсіресе жеміс жарқанаттарымен тікелей байланысқа туспеу;

* жануарлар бөлінділерімен ластанған азық-түлікті қолданбау;

* жеміс-жидектерді пайдаланар алдында мұқият жуу және қабығын аршу;

* белгісіз көзден алынган шикі құрма шырынын ішпеу;

* жеке бас гигиенасын қатаң сақтау (қолды сабындап жуу).

Медициналық мекемелердегі алдын алу

* Нипах вирусына күдікті науқастарды жедел оқшаулау;

* пациентпен байланыста болған медицина қызметкерлерінін:

* медициналық маска,

* респиратор,

* қолғап,

* қорғаныш халат,

* көзілдірік қолдануы;

* инфекциялық бакылау жане қауіпсіздік алгоритмдерін сақтау;

* медициналық құралдарды толық дезинфекциялау;

* медициналық қалдыктарды биологиялық қауіпті қалдык ретінде жою.

Адамнан адамға жұғудын, алдын алу

* тығыз қарым-қатынасты шектеу;

* үй жадайында күтім жасау кезінде жеке қораныш құралдарын колдану;

* наукастың жеке ыдысы мен тұрмыстық заттарын бөлек пайдалану;

* байланыста болған адамдарды 14-21 күн медициналық бакылауға алу.

Эпидемиологиялық қадагалау

* күдікті жағдайларды уақтылы тіркеу және хабарлау;

* науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау;

* шекаралық және санитарлық бақылауды күшейту;

* зертханалық диагностиканы дер кезінде жургізу.

Б.Баубекова,

 Абай ауданының СЭББ бас маманы

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Нипах вирусынан сақтаныңыздар!