Ауыз су режимін ұйымдастыру
Су мен ішу режимі адам өмірінде үлкен маңызға ие, өйткені су тамақ рационының негізгі бөлігі болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, адам тіндері 65% судан тұрады. Ол адам ағзасында болатын барлық процестерге тікелей қатысады, метаболизм өнімдерін ағзадан шығарады, терморегуляцияға, метаболизмге, барлық тотығу - тотықсыздану реакцияларына және т.б. қатысады. Білім беру объектілері нормалау құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Мектептерде ауыз су режимі ұйымдастырылуы керек. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) оралған немесе бөтелкеге құйылған су сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Су салқындатқыштар (диспенсерлер) өндірушінің нұсқауларына сәйкес үнемі тазаланады. Су ішу үшін таза ыдыс-аяқ (шыны, қыш ыдыс, бір рет қолданылатын шыныаяқтар) қолданылады. Жеке бөтелкедегі ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан артық сақтамаған жағдайда пайдалануға жол беріледі. Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивті шешімдері биіктігі кемінде он сантиметр болатын тік су ағынының айналасында шектеу сақинасының болуын көздейді. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объектілер басшысының бұйрығымен жауапты тұлға тағайындалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болған барлық уақыт ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
С.Сандыбаева
Абай ауданың СЭББ жетекші маманы
