Күйдіргі ауруынан сақ болыңыз
Күйдіргі (сібір жарасы) – жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қоршаған ортада, әсіресе топырақта ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Күйдіргі ауруымен көбінесе ірі қара, қой, ешкі, жылқы сияқты ауыл шаруашылығы малдары ауырады.
Адамға бұл ауру көбіне ауру малды күту кезінде, малды сою және өңдеу барысында, сондай-ақ ветеринариялық тексеруден өтпеген ет пен мал өнімдерін пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Сондықтан мал өнімдерін тек арнайы бақылаудан өткен орындардан ғана сатып алу қажет.
Күйдіргінің бірнеше түрі бар, бірақ ең жиі кездесетіні – тері түрі. Оның негізгі белгілері:
Аурудың алғашқы белгілеріне дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, теріде қышитын қызыл дақтың пайда болуы жатады. Кейін ол көпіршікке айналып, ортасында қара түсті қабық пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Күйдіргі ауруының алдын алу үшін малды уақтылы ветеринариялық тексеруден өткізіп, профилактикалық егулер жүргізу маңызды. Белгісіз себеппен өлген малды өз бетімен союға немесе оның етін пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайларда міндетті түрде ветеринариялық қызметке хабарлау қажет.
Маңызды: Күйдіргі дер кезінде анықталып, емделсе, асқынудың алдын алуға болады. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай медициналық ұйымға жүгіну қажет.
Г.У.Тулкибаева
Тұран ауданының СЭББ бас маманы
