Өнім қауіпсіздігін бақылау басты назарда


Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 302 өнім сынамалары сатып алынып, зертханалық зерттеулер жүргізілді. Оның 201-і тағам өнімдері,  101-і басқа да халық тұтынатын өнімдер.

Мониторинг нәтижесінде 21 сынамада техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталды. Соның 2-еуі микробиологиялық көрсеткіштер бойынша, 20-сы таңбалау  бойынша. Техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздіктің 95,2 пайызы таңбалау көрсеткішінің үлесінде. Техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталған сауда субъектілеріне «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №46 бұйрығына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылары  жолданып, сәйкессіздік анықталған өнімдер сатылымнан алынды.

Сауда субъектілерімен Кеден   Одағының  техникалық регламенттері талаптарын  түсіндіру бойынша   семинарлар  өткізіліп, санитариялық ағарту  жұмыстары  жүргізілуде.

Г.Жолымбекова,

Техникалық регламенттер

талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы