Сарып ауруының алдын алу — басты міндет


Сарып- ауру малдан (қой, ешкі, ірі қара) адамға жұғатын, буын, жүйке және тірек-қимыл жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Инфекция ауру малдың өнімін (сүт, ет) пайдаланғанда немесе күтім жасағанда беріледі. Емі ұзаққа созылады, алдын алу үшін мал дәрігерлік шаралар мен жеке бас гигиенасын сақтау қажет.

Жұқпа малдан адамға жұғады,  созылмалы түрі көп кездеседі, уақыт өте қайта қозу немесе қайталану жағдайлары жиі болады. 

Аурушаңдықтың тіркелуі ауылшаруашылық малдар арасында бруцеллезден қолайсыз жағдайдың болуынан. Қыстың соңғы айы мен көктемде үй жануарлары төлдейтін кезеңде ауруды жұқтыру қаупі артатындықтан, сақтық шараларын сақтау керек! Әсіресе, наурыз, сәуір айларында мал төлдейтін уақытта ауру малдар іш тастайды және әлсіз ауру малдар өздігінен төлдей алмай адамның көмегін қажет ету, мал мен адамның тікелей қатынасы ауруды жұқтыруға қолайлы жағыдайды туындатады.

Аурудың қоздырғышы бруцелла — суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Қоздырғыш жарақатталмаған тері арқылы да адам ағзасына енуге бейім, аса жоғары жұқтырғыш қасиетімен ерекшеленеді. Қоздырғыш адамның ағзасына ауру малдың нәжісімен, жарақаты бар кірленген қолдар арқылы төлдеген малмен байланыста, тамақтану немесе темекі шегу кезінде жұғады. Негізгі жұқтырушы көзі: қой, ешкі, ірі қара мал және шошқалар. Бруцеллез ауруы уақ малдар (қой, ешкі) арасында жиі кездеседі. Қоздырғышпен ластанған жем, су, көң, тезек арқылы жұғады, ал адамдар ауру малды күтіп-қарауда, әсіресе төлдеу кезінде, мал сою және бөлшектеу кезінде, мал өнімдері және шикізатымен айналысқанда, тағамға ауру малдың сүтін, сүт өнімдерін (қайнатылмаған сүттен дайындалған қаймақ, сары май, брынза) және етін қолданғанда, ауру мал жүндерін өңдегенде, тезек жасағанда, мал тұрған, төлдеген орындарды көңнен тазалау кезінде ұшқан шаң-тозаң арқылы жұғуы мүмкін.

Бұл кезде науқаста қалтырау, көп терлеу, қажып – шаршау, әлсіздену, сүйек буын және бұлшық еттерінің ауырғаны байқалады. Ауыруды дер кезінде емдесе жылдам жазылып кетеді. Ауырудың алғашқы белгілері байқалғанда уақыт өткізбей дәрігерге қаралып арнаулы емін алған жөн, кешігіп қалған жағдайда организімнің көптеген органдары зақымданып емдеуді қиындатып мүгедектікке апаруы мүмкін.

Сарыптың алдын алудың ең бір маңызды жолы – жеке бас гигиенасын сақтау! 

Аурудың алдын алу шаралары:

- малмен және оның өнімдерімен жұмыс барысында арнайы киіммен, қолғаппен жұмыс істеген абзал;

    - балаларды сарыппен ауыратын жануарларды күтуге және оларды ұстайтын қора-жайларға кіргізбеу керек;

        - қол жарақаттары болса, жақсылап таңу керек;

        - жұмыс істеп болғаннан кейін қолды жуу, киімді ауыстыру қажет;

        - ет, сүт өнімдерін тексеруден өткен, әсіресе қолдың қаймағы мен сары майдың және брынзаның анықтамасы бар сауда-саттық орнынан алу қажет;

        - ет пен сүт  өнімдерін тек қайнатып (пастеризациялап), пісірген соң тұтыну қажет;

        - мал базардан малдарды анықтамасымен алу керек;

       - үй жануарларын ветеринарға тексертіп, ауру мал анықталса, сау малдардан оқшаулаумен жою қажет;

       - мал орындарын тазартып, залалсыздандыру заттарымен өңдеу керек.

       Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

Маңызды: Сарып дер кезінде емделмеген жағдайда созылмалы түрге ауысып, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Сондықтан алғашқы белгілерібайқалған кезде дереу дәрігерге қаралу қажет. 

 

Г.У.Тулкибаева

Тұран ауданының СЭББ бас маманв