Балалардың жазғы сауықтыру лагерьлеріне қойылатын талаптар
Балалардың жазғы сауықтыру лагерьлеріне қойылатын талаптар: Балалардың жазғы сауықтыру лагерьлері балалардың демалысын тиімді ұйымдастырып, денсаулығын нығайтуға арналған маңызды орындардың бірі. Сондықтан лагерьлерде санитариялық-гигиеналық, қауіпсіздік және медициналық талаптардың сақталуы, яғни Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 78 бұйрығына сәйкес "Балалардың сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарияллық қағидаларды бекіту туралы №78 бұйрығының талаптарын сақтай отырып жұмыс жүргізу тиіс.
Лагерь аумағына қойылатын талаптар: 1.Лагерь экологиялық таза, қауіпсіз аймақта орналасуы тиіс; 2.Аумақ қоршалып, жарықтандырылуы қажет; 3.Қоқыс қалдықтарына арналған арнайы орындар болуы керек; 4.Балалардың ойын және спорт алаңдары қауіпсіз жабдықталуы тиіс.
Ғимараттарға қойылатын талаптар: 1.Бөлмелер жарық әрі таза болуы қажет; 2.Желдету жүйесі талапқа сай болуы керек; 3.Төсек-орын жабдықтары таза және жеткілікті болуы тиіс; 4.Ұлдар мен қыздарға арналған бөлмелер бөлек орналастырылады. Санитариялық талаптар: 1.Ауыз су сапасы қауіпсіз болуы керек; 2.Дәретханалар мен жуыну орындары таза ұсталады; 3.Күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіледі; 4.Дезинфекциялау шаралары уақытылы атқарылуы қажет.
Тамақтандыру талаптары: Балалар жас ерекшелігіне сай құнарлы тағаммен қамтамасыз етіледі; Тағамдар санитариялық талаптарға сай дайындалуы тиіс; Ас мәзірінде дәруменге бай тағамдар болуы қажет; Тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі қатаң бақыланады. Медициналық қамтамасыз ету: •Лагерьде медициналық пункт болуы міндетті; •Балалардың денсаулығы күнделікті бақылауда болады; •Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары жүргізіледі; •Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары толық керек.
Қауіпсіздік талаптары: 1.Өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс; 2.Су айдындарында шомылу арнайы бақылаумен жүргізіледі; 4.Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол берілмейді; 5.Қызметкерлер қауіпсіздік нұсқаулығынан өтуі қажет.
Қорытынды Балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінде барлық санитариялық және қауіпсіздік талаптарының сақталуы балалардың денсаулығы мен қауіпсіз демалысының кепілі. Сондықтан лагерь жұмысына жауапты мамандар барлық талаптарды қатаң орындауы қажет.
Ж.О.Кудаярова,
Абай ауданының СЭББ бөлімінің басшысы
