МКБИ-ден сақтаныңыз!


Стоматологиялық көмек медициналық қызметтің ең көп таралған түрлерінің бірі. Бұл жағдайда әртүрлі инфекциялардан зардап шегетін науқастар, тіс дәрігеріне бара алады.

Стоматологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (МКБИ) - емдеу мақсатында стоматологиялық бейіндегі медициналық ұйымға бару нәтижесінде пациентті зақымдайтын аурулар. МКБИ медициналық ұйымда болған уақытта аурудың белгілері білінетініне немесе білінбейтініне қарамастан, медициналық персоналды олардың кәсіби қызметін жүзеге асыру процесінде де зақымдайды. Өкінішке орай, медициналық көмекке байланысты инфекциялардан толықтай арылу мүмкін емес, бірақ біздің мақсатымыз — оларды минимумға дейін азайту.

 Инфекциялық аурулар әрдайым пациенттердің қанымен және сілекейімен үнемі байланыста болатын тіс дәрігерлеріне қауіп төндірді. Тіс дәрігері пародонттың немесе шырышты қабықтың қабыну процестері бар науқастарға кеңес беріп, емдеуге мәжбүр, бұл көп жағдайда жоғары вирулентті қоздырғыштарға байланысты.

 Стоматологиядағы аурухана ішілік инфекцияның көздері пациенттердің аурулары және медицина қызметкерлерінің аурухана ішілік инфекциясы болып бөлінеді. Аурухана ішілік инфекцияның пайда болуына ықпал ететін факторлар:

 1) залалсыздандырылмаған заттар - ортақ пайдаланылатын сүлгілер, түкіргіштер, раковиналар және қол жууға арналған крандардың тұтқалары, құрал-саймандарға арналған науалар;

 2) емдеу және қосалқы аппаратура, мысалы, амальгам араластырғыштар, ортопедиялық қақтау және ортопедиялық балға, протездерді сақтауға арналған қораптар, жылтырату құралдары, рентген аппараты (атап айтқанда рентген пленкасына арналған қысқыштар);

 3) емдеу кезінде қолданылатын кез-келген қосымша жабдық, мысалы, тіс тасын алып тастайтын ультрадыбыстық құрылғысы немесе жарықты шағылдыратын материалдар үшін шам, жарық шамдарын реттейтін тұтқалар мен рычагтар, кем дегенде телефон.

 Аурухана ішілік инфекция профилактикасының негізгі жолы — инфекцияның қалыптасу тізбегін бұзу. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алуда тек кешенді тәсіл қолданылады. Кешенді тәсілдің шаралары:

1. Санитариялық-гигиеналық талаптарды және дезинфекциялау-стерильдеу режимін сақтау;

2. Персоналды жұмысқа жіберу қағидаларын сақтау, персонал арасында бактерия тасымалдаушыларды анықтау;

3. Жеке гигиена ережелерін сақтау және медицина қызметкерлерінің жоғары санитариялық мәдениеті;

4. Барьерлік сақтық шараларын қолдану: әрбір пациентті қабылдағанға дейін және одан кейін персоналдың қолын антисептиктеу; жеке қорғанудың барьерлік құралдарын қолдану: қолғаптарды, арнайы киімдерді, ауыстырмалы аяқ киімдерді, маскаларды, қорғаныс экрандарын және қорғаныс көзілдіріктерін пайдалану; маскалар мен қолғаптар әрбір пациенттен кейін ауыстырылады;

5. Клиникадан тыс жерде жұқтыруға қатысты барынша профилактика шараларын сақтауға қатысты персоналға мұқият бақылау жүзеге асырылады.

Г.Имантаева,

Абай ауданының СЭББ бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: МКБИ-ден сақтаныңыз!