Этнотуризм мен жайлылық үйлескен орын

image.png

Табиғат аясында тынығып, қаланың қарбалас тіршілігінен бір сәт алыстауды қалайтындардың қатары жыл сайын артып келеді. Осындай сұранысқа сай Төлеби ауданында туристерге жайлы жағдай жасалған демалыс орындарының саны да көбейіп келеді. Солардың бірі – Біркөлік шатқалында орналасқан **«Нұрсая»** демалыс кешені.

Кешен табиғатпен етене демалуды қалайтындар үшін этно және заманауи стильді үйлестірген ерекше форматымен ерекшеленеді. Глэмпинг пен кэмпинг үлгісіндегі демалысты ұнататын саяхатшылар үшін мұнда барлық жағдай қарастырылған.

Қонақ үйлер тау көрінісіне бағытталып арнайы орналастырылған. Үйлер екі холлдан және ашық балконы бар үш қабаттан тұрады. Коттедждер асханаға қажетті ыдыс-аяқпен толық жабдықталған, санитарлық торап, душ және ыстық су жүйесі қарастырылған. Ішкі бөлігінде 15 адамға арналған үстел-орындықтар қойылса, сыртқы аумақта екі ашық тапшан мен 25 адамға арналған үлкен бастырма орналасқан. Екі тапшан бір топқа ғана беріледі.

Демалушылардың бос уақытын мазмұнды өткізуі үшін кешенде бильярд пен PlayStation 4 Pro ойын аймағы жұмыс істейді. Жаз мезгілінде ересектер мен балаларға арналған бассейндер қызмет көрсетеді.

Табиғат аясында өз тағамын әзірлеуді қалайтын қонақтар үшін арнайы қазан-ошақ, мангал және қажетті асүй жабдықтары қарастырылған. Сонымен қатар жазғы душ, монша және автокөлікке арналған тұрақ демалушылардың қолайлы тынығуына мүмкіндік береді.

Табиғаттың көркем көрінісі мен заманауи қызмет түрлерін үйлестірген «Нұрсая» демалыс кешені бүгінде Біркөлік шатқалының туристік тартымдылығын арттырып отырған нысандардың бірі саналады.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Этнотуризм мен жайлылық үйлескен орын