Қауіпсіз сүт өнімдерін таңдай білейік

 

Сүт – басқа  ешқандай  азық-түлік  тең келмейтін  аса бағалы тағамдық өнім. Сүт – адам үшін табиғи ерекше тағам, құрамында  көптеген пайдалы заттар бар. Сүт  тағамдарын  күнделікті  пайдаланамыз. Қазіргі уақыттта дүкен сөрелерінде сүт  өнімдерінің үлкен  ассортименті бар.  Сүт  өнімдері  барынша  пайдалы болу  үшін  оларды таңдау кезінде өте мұқият болу керек. Сапасы  күмән  келтіретін  базарлар мен дүнгіршектерде  сатылатын  сүт өнімдерін  пайдалану  қауіпті  екендігін  ескертеміз. Осы  мезетте балалардың негізгі тағамы сүт болғандықтан,сүт негізінде дайындалатын балалар тағамдары жөнінде айтып өтейік. Балалардың дұрыс өсіп жетілуі  үшін  олардың  кішкентайынан дұрыс  тамақтануының  маңызы  зор. Сүт негізіндегі балалар тағамы бала денсулығына  қауіпті болмау керек және қазіргі  заң талаптары бойынша сапаны  қамтамасыз  ету және  азық-түлік қауіпсіздік  талаптарына сай  болу керек.Құрамында  табиғи бояғыштар және  иіс бергіштер болмау  керек.  Бейімделген сүт қоспасының өндірісі (ана сүтін алмастырушы) максималды ана сүтіне  жақын  қоспалардың L-аминқышқыл, таурин, нуклеотид, пребиотиктер (галакто және фруктоолигосахаридтер, лактулоза) бифидобактерия және т.б пробиотиктер, сонымен қатар балық  майы және басқа  да  полиқанықпаған май  қышқылдарының концентраттары қолданылады. Сүт негізіндегі  балаларға арналған  тағамдық  құндылықтың талаптары, оның  ішінде сүт өнімдері, сүт құрамды  өнімдер, балалар жасын  ескере  отырып  белгіленеді.    Қышқылданудың  нашарлау  көрсеткіштері, химиялық  және  радиологиялық  өнімнің  қауіпсіздігі  сүт негізіндегі  балалар тағамы мектеп жасына  дейінгі балаларға  және  мектеп  жасындағы балалар тағамы  қазіргі заң бойынша   рұқсат етілген  деңгейінен  аспауы  керек. Микробиологиялық қауіпсіздік  көрсеткіші өнімі  балаларға  арналған  сүт негізіндегі  мектеп  жасына  дейінгі  балалар тағамы  және мектеп  жасындағы   балалар  тағамы қазіргі  заң бойынша  рұқсат  етілген   деңгейінен  аспауы  керек. Балалар тағамының  құрамында міндетті түрде ақуыз, көмірсулар, май, тағамдық талшықтар, кальций, темір  қажетті мөлшерде  болуына  аса назар аудару қажет.

Сүт және сүт өнімдерін сатып алу  кезінде  көңіл аударатын   кеңес:

- Сүт өнімдерін  кездейсоқ  сатушылардан  сатып алмаңыз , тек сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті тоңазытқыш  жабдықтарымен қамтамасыз етілген мамандандырылған сауда кәсіпорындарынан сатып алыңыз.

- Өнімді таңдағанда әрқашан қаптаманың тұтастығына назар аударыңыз.  Егер қаптама тұтас болмаса, тауарды сатып алуға болмайды.

- Өнім туралы ақпаратты мұқият оқып шығыңыз, өйткені өнімнің құрамы әрқашан оның атауына сәйкес келмейді.

- Өнімнің сыртқы түрін мұқият тексеріңіз.

- Сүт өнімдерін сатып алмас бұрын, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз.

- Егер өнім туралы ақпарат оқылмайтын немесе  тым ұсақ шрифтпен жазылған  болса өнімді сатып алмаңыз, бұл Сіздің денсаулығыңыз үшін маңызды шарт болып табылады.

Б.Карибаева,

Абай ауданының СЭББ бөлімі басшысы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қауіпсіз сүт өнімдерін таңдай білейік