Өндірістік бақылауды енгізу - қауіпсіздік кепілі!
Бүгінгі таңда өндірістік бақылау ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағида талаптарына сай жүргізіледі. Өндірістік бақылау дегеніміз (өзін-өзі бақылау) өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуді зертханалық зерттеулер мен өлшеулер негізінде жүргізе асыруға бағытталған, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар кешені.
Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағытта өндірістік бақылау бағдарламасы жасалынып төмендегі сұрақтар қамтылады:
- жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін қатамасыз ету жеке кәсіпкердің және заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға жүктеу;
- медициналық қарап тексеруге, гигиеналық даярлыққа және аттестаттауға жататын жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі мен тексерулерден өтуі;
- нысанда жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, шығарылатын өнімдердің тізбесіне сай "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат құжаттарының немесе қызметтің басталуы туралы хабарлама болуы;
- зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар (өлшеулер) алу жүзеге асырылатын бақылау нүктелерін және сынама алу (зертханалық зерттеулер және сынақтар жүргізу) мерзімділігін көрсете отырып, оларға қатысты зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді ұйымдастыру, қажетті бақылау нүктелерін (бақылаудың сыни нүктелерінің) тізбесін анықтау мен құру.
Қызметтің немесе өнімнің қауіпсіздігі мен зиянсыздығы зертханалық тексерулер мен зертханалық-аспаптық өлшеулерді жүргізе отырып анықталынады. Денсаулық сақтау объектілері, коммуналдық, өнеркәсіптік гигиена, радиациялық гигиена объектілері, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернаттық ұйымдары және тамақ өнімдерін өндіру және қоғамдық тамақтану объектілерінде зертханалық-аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшемшарттары және кезеңділігі, осы санитариялық қағиданың №1 қосымшасында көрсетілген. Түзілген бағдарламаға, №1 қосымшамаға сай нысанда атқарылған өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жарты жылда 1 рет, кейінгі айдың 5-күніне осы санитариялық қағиданың № 2 қосымшасына сәйкес есеп ұсынылуы тиіс. Өйткені, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 07.07.2020ж. №360-IV Кодексінің 51 бабы, 2, 3 тармағында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті екендігі айтылған.
Сондықтан, өндірістік бақылау бағдарламасын нысан қызметіне енгізу, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздік кепілі екенін ұмытпайық!
А.Ахметов,
Шымкент қаласы СЭБД басшысының орынбасары
