Орта ғасырда кедей адамдардың арасында қуықта тастың жиналуы жиі кездесетін. Себебі олар ақуызға бай тағамдарға жарымайтын. Медицина мамандары аталған дертті литотом деп аталатын құралдың көмегімен емдеген.
Ибн Сина өз заманында тіс ауруын ешкінің майымен емдеуді ұсынған. Жәй ғана ешкі емес били деп аталатын тұқымнан шыққан ешкінің майы қолданылған. Аталған майды ерітіп, ыстық күйінде пациентті ыстаған.
Осыдан 3 мың жыл бұрын жерленген ертеғасырлық мумияларды зерттеу барысында археологтар жер бетіндегі алғашқы аяқ протезі Мысырда пайда болғанын дәлелдеді.
ХХ ғасырдың басында бөртпе сүзек дерті жер бетін жайпап, майдандағы сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың өмірін жалмады. Сүзек адамның шашында, киімінде жүретін бит арқылы жұғып отырған және оның емі жоқ еді.