Қазіргі таңда нысанның бас ғимараты – стационарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал босану бөлімі ғимараты мен емхана ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасуда.
200 төсек орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы таяуда пайдалануға беріледі. Қысқа мерзім ішінде барлық талапқа сай салынып жатқан модульді инфекциялық аурухана қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және штатпен қамтылады.
Коронавирус індетімен күреске жұмылдырылған 5000-ға жуық медицина қызметкеріне жұмыс уақытын есепке алу деректерінің негізінде 7,2 млрд.теңге қаржылай үстемеақы төленді.
Сондай-ақ қалалық әкімдіктің қолдауымен оттегі бекеті іске қосылды. Жалпы, аурухана өзінің кезекпен және кезектен тыс түскен науқастарына жоғары технологиялық қызметтер көрсетіп келеді.
Облыс бойынша қазіргі таңда коронавируспен 1 адам стационарлық ем қабылдап жатса, амбулаториялық жағдайда ем қабылдаушылар – 18 адам. Қарым-қатынаста болған 116 адам медициналық бақылауда.
Өңірдің бүгінгі эпидемиологиялық ахуалын баяндаған облыстың бас дәрігері коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін тұрақты негізде 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылғанын жеткізді.
Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді
Қалада 3 оттегі станциясын орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Екеуі Қалалық инфекциялық аурухана базасында және біреуі №3 қалалық ауруханада. Бұдан бөлек медициналық ұйымдардағы 717 оттегі нүктелерін қосу және сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнату жұм