Жіті респираторлық вирустық инфекциялар және тұмау!
Шымкент қаласында жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) және тұмаудың эпидемиялық маусымының ерте басталуы шынында да айрықша көрінеді, алайда мұндай жағдайлар жыл сайын мезгіл-мезгіл байқалып тұрады.
Жыл сайын қоршаған ортада тұмау вирустарының әртүрлі ішкі типтері (A/H1N1, A/H3N2, B және т.б.), сондай-ақ ЖРВИ және тұмауға ұқсас ауруларды тудыратын тұмауға жатпайтын вирустардың кең спектрі айналымда болады.
Кейбір вирус штамдары жылы әрі ылғалды климаттық жағдайларға жақсы бейімделеді, белгілі бір метеожағдайларда тезірек таралады немесе халықаралық көші-қон және туризмге байланысты әдеттегіден ертерек көбейеді. Күз маусымы ертерек басталатын елдерден (мысалы, Азия немесе Таяу Шығыс елдерінен) адамдардың қозғалысы кезінде вирустар біздің өңірге қазан айының өзінде енуі мүмкін.
ЖРВИ мен тұмау вирустарының жылдам таралуының факторларының бірі - адамдар көп жиналатын орындар, әсіресе күзде – бұл тойлар, қырқындар, сауда орталықтары, кинотеатрлар және ұйымдасқан ұжымдар.
Вирус суықтың әсерінен емес, адамдардың тығыз орналасуы мен жабық бөлмелерде болуына байланысты таралады, мұнда ауа-тамшылы жолмен жұғу жүреді.
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілі оған қарсы екпе алу. Медициналық қызметкерлер халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыруға бағытталған тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат - екпелердің қауіпсіздігі мен пайдасы туралы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректері мен тәжірибесіне негізделген шынайы ақпаратты адамдарға жеткізу.
Осы бағытта:
• теледидар, радио, интернет және әлеуметтік желілер арқылы дәрігерлер, эпидемиологтар және иммунологтардың қатысуымен ақпараттық кампаниялар жүргізілуде;
• мектептерде, емханаларда, еңбек ұжымдарында кездесулер мен дәрістер ұйымдастырылады, онда мамандар вакцинаның қалай жұмыс істейтінін және оның неге қажетті екенін түсіндірілуде;
• медициналық қызметкерлер халықпен коммуникация бойынша қосымша оқытудан өтіп, жиі қойылатын сұрақтарға жауап бере алуы және екпеге қатысты мифтерді сейілте алуы үшін дайындалады;
• Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайттарында вакцинацияның барысы және эпидемиологиялық жағдай туралы апталық қорытындылар мен түсіндірмелер жарияланады.
Негізгі ұстаным мынадай: вакцинация – міндетті емес, адамның өзінің, отбасының және бүкіл қоғамның денсаулығын қорғау шарасы.
Алдын алу іс-шаралары:
· қауіп топтарына жататын адамдар міндетті түрде вакцинациядан өтуі керек;
· қол гигиенасын сақтау, бөлмелерді үнемі желдету, эпидемиялық өршу кезеңінде адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;
· ауру белгілері пайда болғанда (қызба, жөтел, тұмау) тұрғылықты жері бойынша дәрігерге уақытылы жүгіну, дәрігерді үйге шақыру және өздігінен емделмеу;
· ұйымдасқан ұжымдарда (мектептер, ауруханалар, мекемелер) профилактикалық шараларды күшейту және персонал мен оқушылардың денсаулығын бақылауды арттыру.
Тұмауға қарсы вакцинация аурудың ауыр өтуінен және оның асқынуларынан қорғаудың ең тиімді әдісі болып қала береді. Уақтылы иммундау және профилактикалық шараларды сақтау - күзгі-қысқы кезеңде ЖРВИ мен тұмаудың таралуын тежеудің негізгі шарттары.
Т.СЕРМАҢИЗОВ,
Шымкент қаласының СЭБД басшысы
