Моншаларға қойылатын талаптар


Монша – бұл адам ағзасына пайдалы сауықтыру құралдарының бірі ретінде ежелден белгілі. Монша соңғы кезде өзінің тікелей міндеті – санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтайтын ғана емес, сонымен қатар, достармен бас қосатын орынға да айналды. Сондықтан соңғы уақытта жеке моншалар: элиталық, жабық, VIP моншалар және т.б. барлық жерде ашылуда.

Моншалар жеке тұрған ғимараттарда орналасуы тиіс. Моншаға ылғалға, температураға, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдар пайдаланылуы қажет. Моншаның үй-жайларындағы жиһаздың үстіңгі қабаты тегіс, ылғалды жууға болатын және дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге төзімді болуы керек.

Маңызды!

-                  Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.

-                   Монша және сауна үй-жайларының құрамына: санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмесі немесе орыны кіреді.

-                  Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға рұқсат етіледі. Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.

-                  Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.

-                  Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жиһаз орнатылады, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер пайдаланылады.

-                  Жуыну үшін жоғары температураға  төзімді, оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады.

-                  Моншалар мен сауналарда жеке қолданылатын және пакеттерде берілетін таза және құрғақ киім-кешек (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза киім-кешек пайдаланылғандардан бөлек сақталады.

-                  Моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталады.

-                  Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі.

-                  Жуынуға арналған легендер дезинфекциялау ерітіндісіне толық батырылып дезинфекцияланады және сумен шайылады.

-                  Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, мүкәммаларды және жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.

-                  Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен сауналардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етілуі тиіс.

-                  Монша мен сауналардың жуыну және себезгі үй-жайларында кір жууға және кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтау жүргізілмейді.

-                  Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуі қажет.

Н.Ешенқұл,

Абай ауданының СЭББ бас маманы

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Моншаларға қойылатын талаптар