Күкіртті сутегімен улану


Күкіртті сутегі – ауадан ауыр газ және шіріген жұмыртқаның иісі тәріздес, тыныс алудың тоқтануынан өлімге әкелетін улы газ. Өнеркәсіптен тыс (өңдеу, металлургия, пластмасса) улану органикалық денелердің шіруі кезінде күкіртті сутек түзілетін канализауияларда, канализациялық шұңқырларда, ескі, пайдаланылмаған және ластанған ұңғымаларда болуы мүмкін.

 

Улану белгілері

Жалпы әрекеті тіндік тыныс алу ферменттерін блоктаудан және төмен конценрацияда – тыныс алу жүйесінің стимуляциясынан, содан кейін салдануынан тұрады (жоғары концентрацияда бірден паралич пайда болады). Жоғары концентрацияларда иістің салдануы нәтижесінде күкіртті сутегінің  жағымсыз иісі болып табылатын ескерту сигналы болмайды. Төмен концентрацияларда, біріншіден, конъюнктива мен көздің қасаң қабығынң тітіркенуі, мұрынның катаральды белгілері, жөтел, жүрек айну, сілекей ағу, бас ауруы, қан қысымынң төмендеуі, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы,  ұзақ әсер еткеннен кейін өкпе ісінуі мүмкін. Тыныс алу жолдары мен теріні тітіркендіріп, теріге тиген жағдайда қызартып, қышыма тудыртады. Уланған кезде оттегін алмастыру  бұзылып, бас миының оттегі тапшылығына әкеледі.

 

Алғашқы медициналық көмек:

-                  Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару газ қағар киіп жүзеге асырылады.

-                  Адамды ластанған атмосферадан шығарып, негізгі өмірлік әрекеттерді қамтамасыз ету;

-                  Есінен танған және құсуы бар науқастарды қалпына келтіру жағдайына қойып, ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерін босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды.

-                  Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда тез арада мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады.

-                  Ластанған теріні мол сабын сумен жуу;

Н.Ешенқұл

Абай ауданының СЭББ бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Күкіртті сутегімен улану