Аллергия – заманауи қоғамның өзекті мәселесі
Аллергия – ағзаның белгілі бір заттарға шамадан тыс сезімталдық танытуынан пайда болатын ауру. Соңғы жылдары аллергиялық аурулардың саны әлем бойынша да, елімізде де артып келеді. Бұл қоршаған ортаның ластануы, тағам құрамындағы қоспалардың көбеюі және өмір сүру салтының өзгеруімен байланысты.
Аллергияны тудыратын заттар аллергендер деп аталады. Оларға өсімдік тозаңы, үй шаңы, жануарлардың жүні, кейбір тағам өнімдері, дәрі-дәрмектер және тұрмыстық химиялық заттар жатады. Әр адамның аллергиясы әртүрлі аллергендерге байланысты болуы мүмкін.
Аурудың негізгі белгілері – мұрынның бітелуі, түшкіру, көздің қызаруы мен жасаурауы, терінің қышуы, бөртпелердің пайда болуы және тыныс алудың қиындауы. Кейбір жағдайларда аллергия ауыр асқынуларға әкеліп, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Аллергияның алдын алу үшін аллергендерден мүмкіндігінше аулақ болу, тұрғын үйді таза ұстау, дұрыс тамақтану және иммундық жүйені нығайту қажет. Ал аллергия белгілері байқалған жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгініп, қажетті тексерулерден өткен жөн.
Денсаулықты сақтау – әр адамның басты міндеті. Сондықтан аллергияның алғашқы белгілеріне бейжай қарамай, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну маңызды.
У. Усипбаева,
Шымкент қалалық СЭБД бөлімі басшысы
