Шымкентте құрылыс қарқыны жоғары

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «тұрғындарға, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға баспананың қолжетімді болуы – тұрмыс сапасының жақсарғанын білдіретін негізгі көрсеткіш» екенін мәлімдеген болатын. 

image.png

Президент 2030 жылға дейін елімізде 111 миллион шаршы метр баспана салынуы тиістігін жайында нақты міндет қойғаны мәлім. Міне, биыл республика бойынша 19,2 миллион шаршы метр пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішіндегі 1 миллион 375 мың шаршы метр тұрғын үйді Шымкент шаһарында  пайдалануға беру жоспарланған. Бұл көрсеткіш қаланың тұрғын үй қорын айтарлықтай арттырады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда жоспарланған тұрғын үйдің 982 мың шаршы метрі пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш жоспардың орындалу барысының жақсы екенін көрсетеді. 

Жалпы, Шымкент үшінші мегаполис ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын қала. Соңғы жылдары қаладағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар, тұрғын үй құрылысы, жол желілерін жаңарту, инвестициялық және экономикалық жобалар қала тұрғындарының өмір сапасын едәуір арттыруда.  Астанада өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы нақты көрсеткіштер мен алдағы жоспарларды таныстырып, тұрғын үй саласындағы ахуалға да тоқталып өтті.  

Әкімнің сөзіне сүйенсек, қаладағы әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты өсу динамикасымен сипатталады. «Біздің басты міндетіміз Шымкент қаласының тұрғындарының өмір сапасын арттыру. Қала экономикасының өсуі, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды жаңарту арқылы біз тұрғындарға жайлы, қауіпсіз, заманауи қалалық орта жасауға бағытталған нақты шараларды жүзеге асырып жатырмыз», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Халық санының өсуі Шымкенттің дамуы мен әлеуметтік саясатына оң әсерін тигізіп отырған басты факторларының бірі екені әмбеге аян. Қала басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Шымкентте  тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың саны 90 мыңнан асып отыр. «Биыл 3808 пәтерлі 61 әлеуметтік үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін тұрғындарымыз жаңа баспаналарға қол жеткізеді», – деді қала басшысы. Алайда Тұран шағын ауданындағы жаңа үйлердің сапасы туралы сұрақ туындады. Әкім бұл мәселеге: «Реновация бағдарламасы бойынша апатты деп танылған 12 үйдің орнына біз 120 жаңа пәтер табыстаймыз. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады», - деп жауап берді. Сонымен қатар, Бозарық және Ақжайық шағын аудандарында 1914 пәтерлі 54 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, оны «Отбасы банк» арқылы тұрғындарға несие арқылы үлестіру жоспарланған. «Алайда банктің айналым қаражатының жетіспеушілігі кейбір үйлерді қазір сату мүмкіндігін шектеп отыр. Дегенмен Үкіметпен жүргізілген жұмыстардың арқасында бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатыр», – деп атап өтті әкім.

Бүгінгі таңда 444 пәтерге конкурс жарияланған, қалған үйлер келесі жылы тұрғындарға табысталады. Бұл шаралар қала тұрғындарының тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға және тұрғын үй кезегіндегі азаматтар проблемасын шешуге бағытталған.

Жол желілерін жаңарту: қала инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Шымкент қаласының дамуы тек тұрғын үймен шектелмейді. Жол желілерін жаңарту мен көлік қозғалысын реттеу мәселесі де маңызды басымдыққа ие. Әкімнің сөздеріне қарағанда, Президент тапсырмасына сәйкес жергілікті жолдардың 95 пайызы жақсартылуы тиіс. «Биыл мыңнан астам шақырым жолды асфальттауды жоспарладық. Қазіргі таңда оның 97 пайызы аяқталды. Жыл соңына дейін қаладағы барлық қоныстанған елді мекендер толық асфальт жолмен қамтамасыз етіледі», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қала орталығындағы кептеліс мәселесі де назардан тыс қалмады. Әкімнің айтуынша, ашуға мүмкіндік бар көшелерді магистральді жолдарға қосу жұмыстары жүргізілуде. «Таңбалы тас көшесін магистральді көлік бағыттарына қосып жатырмыз. Сонымен қатар Қазиев көшесін шығарып жатырмыз. Бас жоспарға енгізілмеген болса да, практикалық тұрғыдан қай жер ыңғайлы болса, сол жерді ашып жатырмыз», – деді әкім.

Жолайрықтар мен көпірлерді салу да инфрақұрылымды жақсарту бойынша маңызды жобалардың бірі. Момынов көшесіндегі 1–2 километрге дейінгі кептеліс мәселесін жыл соңына дейін шешуді жоспарлап отыр. Келесі жылы екі үлкен проблемалық нүкте де реттеледі. «Қонаев даңғылының жалғасын келесі жылы толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысына көпір саламыз. Алғашында екі-үш қабатты жолайрық салуды жоспарлаған едік, кейін жобаның құнын төмендетіп, мамандардың ғылыми тұрғыдан есептеріне сүйене отырып шешім қабылдадық», – деп нақтылады Ғабит Сыздықбеков.

Инвестициялық жобалар және жаңа жұмыс орындары. Шымкенттің экономикалық дамуы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Әкімнің айтуынша, индустриалды аймақтарды дамытуға басымдық беріледі. «Бұл шаралар кәсіпорындардың өндірісін арттыруға, жастарға жұмыс орындарын қамтамасыз етуге және инвестициялық тартымдылықты көтеруге мүмкіндік береді», – деді қала басшысы.

Инвестициялық жобалар аясында Шымкент әуежайын халықаралық заманауи мультимодальдық хабқа айналдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Жаңа ұшу-қону жолағы қаланың логистикалық мүмкіндіктерін арттырып, өңірлік хаб ретінде дамуына серпін береді. Бұл қалаға халықаралық инвестиция тартуға мүмкіндік береді», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту да әкімнің басты басымдықтарының бірі екенін білдік. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша заманауи инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізілуде. «Біз жаңа мектептер мен балабақшалар салудамыз, медициналық мекемелерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіп жатырмыз. Қала тұрғындарының әр ауданына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жобаларды жүйелі түрде іске асырып отырмыз», – деп атап өтті әкім.

Әкімнің айтуынша, қаланың әр ауданында инфрақұрылымды жаңғырту алғаш рет аудан деңгейінде жоспарланып, жүзеге асырылуда. Бұрын тек орталыққа шоғырланған абаттандыру енді қала шетіндегі аудандарда да белсенді жүргізілуде. Бұл шаралар барлық тұрғындар үшін тең мүмкіндіктер туғызады және қаланың барлық бөліктерінде өмір сапасын бірдей арттыруға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенді және жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әкімнің сөздеріне сүйенсек, қаланың инфрақұрылымдық жобалары, жол желілерін жаңарту, тұрғын үй құрылысы, инвестициялық жобалар және әлеуметтік саладағы реформалар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. «Біздің басты мақсатымыз қала тұрғындарының өмірін жақсарту, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, жол инфрақұрылымын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асыру», – деді қала басшысы.

Алдағы кезеңде қала әкімдігі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үйлерді уақытылы жеткізу, жол қозғалысы мен көлік инфрақұрылымын жетілдіру, әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді. Барлық шаралар Шымкенттің экономикалық әлеуетін арттыруға, тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз және заманауи қала қалыптастыруға бағытталған.

Тұрғын үй саласындағы белсенділік, әсіресе әлеуметтік үйлердің құрылысын жандандыру және реновация бағдарламасы аясында апатты деп танылған үйлердің орнына жаңа пәтерлерді беру – халықтың негізгі қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған практикалық қадамдардың бірі болып отыр. Әкім Ғабит Сыздықбековтің мәлімдемесінде көрсетілгендей, әрбір жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындар үшін қолжетімді және сапалы тұрғын үй қамтамасыз етілуде. Бұл тек тұрғындардың баспанамен қамтамасыз етілуі емес, олардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасының артуына бағытталған маңызды қадам.

Қала жолдарының жаңартылуы және көлік инфрақұрылымының жетілдірілуі мегаполистің динамикалық дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Кептеліс мәселелерін шешу, магистральді жолдарды ашу, жолайрықтар мен көпірлер салу, сондай-ақ цифрлық паспортизация арқылы көлік қозғалысын тиімді басқару шаралары қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетеді, жұмысқа, білім беру мекемелеріне және сауда орындарына қолжетімділікті арттырады. Бұл өз кезегінде экономикалық белсенділіктің артуына, инвестициялық тартымдылықтың күшеюіне және тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына серпін береді.

Шымкенттің дамуы тек инфрақұрылыммен шектелмейді. Әкімнің сөзімен айтсақ, инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, индустриалды аймақтарды дамыту қала экономикасын нығайтуға және өңірдегі тұрақты дамуға ықпал ететін стратегиялық бағыттар болып табылады. Сонымен қатар әуежайды халықаралық мультимодальдық хабқа айналдыру арқылы логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту және аймақтық байланыстарды дамыту Шымкентті халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мегаполиске айналдыру жолындағы маңызды қадам.

Әлеуметтік саланың дамуы, білім беру мен денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру, мәдени және спорттық жобаларды іске асыру  қала тұрғындарының жан-жақты дамуы мен өмір сапасын арттыруға арналған кешенді іс-шаралар. Әр ауданда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету арқылы әкімдік қаланың барлық тұрғындары үшін әділ және қолайлы орта қалыптастыруға ұмтылуда. Бұл шаралар қаланың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді, жастардың білім алу мүмкіндігін арттырады және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жол ашады.

Сондықтан, Шымкенттің дамуы бұл тек жеке жобалардың жүзеге асырылуы емес, стратегиялық жоспарлаудың, ғылыми тұрғыдан негізделген шешімдердің, халықтың нақты сұраныстарын ескерудің нәтижесі болып отыр. Әкім Ғабит Сыздықбековтің нақты айтқандай, «Біздің басты мақсатымыз – қала тұрғындарының өмірін жақсарту, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, жол инфрақұрылымын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асыру». Бұл қағида Шымкенттің тұрақты дамуы мен қаланың халыққа қызмет көрсету деңгейін көтерудің негізгі тұғырына айналып отыр.

Жалпы, Шымкент қаласының дамуы стратегиялық жоспарлаудың, әлеуметтік жауапкершіліктің, экономикалық тиімділіктің және инфрақұрылымдық жаңғыртудың үйлесімі. Тұрғын үй құрылысы мен реновация бағдарламалары, жол инфрақұрылымын жаңарту, инвестициялық жобаларды дамыту, әлеуметтік саладағы реформалар барлығы біртұтас жүйе ретінде қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Шымкентті заманауи, бәсекеге қабілетті мегаполиске айналдыруға бағытталған. Болашақта бұл бағыттар жалғасын тауып, қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз, дамыған және қолайлы ортаны қалыптастыруға нақты серпін береді, бұл өз кезегінде Шымкенттің Оңтүстік Қазақстандағы және республикадағы стратегиялық маңызын одан әрі нығайтады.

Аида ӨТЕП

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шымкентте құрылыс қарқыны жоғары