Жүрегі жылуға толы Арыстан

Қазір Шымкент қаласында қыстың суық күндері өз күшіне міне бастады. Тұрғындар, әсіресе үйінде баласы барлар күніұзақ жылу жағады. Ал бұл қаланың энергетика саласына жауапкершілік жүктейді. 

image.png

Энергетика – ел экономикасының қозғаушы күші. Айтулы саланың салмағы ауыр, тірлігі қауырт. Өмірлік маңызды нысандардың жарық және жылумен қамтамасыз етілуі энергетиктердің жоғары жауапкершілігімен сапалы қызметіне тікелей байланысты. Бүгінде энергетика саласы қарқынды дамып, жаңа технологиялар енгізіліп, алға қойған міндеттерді табысты орындауда. Бұл жетістіктердің барлығы осы саладағы қызметкерлердің жоғары кәсіби шеберліктері, адал еңбектерінің нәтижесі. 

Шымкент қаласын жылу және ыстық сумен қамтамасыз етудің арғы жағында мыңдаған жұмысшы мамандардың төккен тері жатыр. Арыстан Қожамқұлов та осы салада аянбай еңбек етіп келеді. Ол - «Қуатжылуорталық-3» мекемесінде учаске шебері. Мекеме Шымкенттің жылу жүйелеріне 100 пайыз қызмет көрсетеді және жылу энергиясын өндіруші, беруші және онымен жабдықтаушы болып табылады.

Арыстан Қожамқұлов Шымкенттегі «Жөл-көлік техникумын» қызыл дипломмен тәмамдаған. 1997 жылы аталған мекемеге жұмысқа орналасады. Міне сол уақыттан бері табандай 28 жыл өтіпті. Осыдан-ақ оның өз мамандығына деген адалдыңын аңғаруға болады. Ол аталған салада әбден тәжірибе жинап, алдыңғы буыннан үлгі алып, кейінгі буынға өнегесін көрсетіп абырой биігіне көтерілген жан. Арыстан мырзаның мекемеде беделі зор, себебі ол өзінің шебері. Ең бастысы оның жүрегі жылуға толы. Тұла бойынан жылу есіп тұратын ол қаланы жылытуға еш қиналмайды. Өз жұмысына деген ыстық ықыласы мен махаббаты оны алға жетелейді, шаршатпайды. 

«Жылу беру саласындағы еңбек жолымды 25 жасымда бастадым.  Алғаш жұмысқа орналасқан кезде машинист-оператор болдым. Қазір учаске шеберімін. Біздің міндетімізге «Нұрсәт» шағын ауданын жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету кіреді. Бұл ауданда қаламыздың тұрғын үйлерінен бөлек әкімшілік-іскерлік орталық, басқармалар, мәдениет ошақтары секілді маңызды нысандар орын тепкен. Жылыту маусымында біздер  үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін қалада жылу желілері құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ жүргіземіз, қазандықтардың дайындығын тексереміз. Ақаулықтармен жұмыс істейміз»,- дейді маман. 

Өз ісін бүге-шігесіне дейін бес саусағындай білетін маман жұмыста қателікке бой алдырмау маңызды дейді. Сондықтан бұл жұмыс жауапкершілікті, біліктілікті, қажырлықты, еңбекқорлықты талап етеді. Оның айтуынша, жауапкершілікті адам өзіне жүктелген тапсырманы уақытында әрі сапалы орындауға тырысады. Ол жұмыстың нәтижесі тек өзіне ғана емес, ұжымға, мекемеге және қоғамға әсер ететінін жақсы түсінеді. Сондықтан мұндай адам қиындықтардан қашпай, мәселені шешудің жолын іздейді, қателігін мойындап, одан сабақ алады. Жұмысқа салғырт қарау керісінше, уақыттың босқа кетуіне, сенімнің жоғалуына және ортақ істің тоқырауына әкеледі. Бір адамның жауапсыздығы тұтас ұжымның жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Осы себепті жауапкершілік – тек жеке қасиет емес, ол ортақ тәртіп пен табыстың кепілі. Сонымен қатар жауапкершілік адамның кәсіби дамуына да жол ашады. Өз ісіне адал, тәртіпті және еңбекқор маман әрдайым бағаланады, оған сенім артады, жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Мұндай адам тек мансапта емес, өмірдің басқа салаларында да жетістікке жетеді. Қорытындылай келе, жұмысқа деген жауапкершілік – адамды алға жетелейтін, қоғамға пайдалы тұлға қалыптастыратын басты құндылықтардың бірі. Әрбір адам өз еңбегіне адал болып, жауапкершілікпен қараса, елдің де дамуы қарқынды болары сөзсіз.

«Халық алдына шыға бермесек те тұрғындар өз алғыстарын айтып жатады. Халық тарапынан айтылған жылы сөз – маған қуат береді. Бұл біздің еңбегіміздің бағаланғаны деп білемін»,- дейді Арыстан Сәбденұлы. 

Ол қазір қаладағы жылыту маусымында жұмыс қызу жүріп жатқанын айтады. Жақында ғана қар жауды. Және алда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Бұл мерекеде әрбір отбасы, әрбір әулет жылы шаңырақта жиналып тойлағысы келеді. Сондықтан да оған тұтынатын жылу мөлшері де артады. Бұл жылу мекемесіне салмақ салатыны белгілі. Өзі қызмет ететін «Қуатжылуорталық-3» мекемесі бұл үдеден шығып келеді. Аталған мекеме Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны екендігі белгілі. Сондықтан да ол жергілікті әкімдікпен бірлесіп сапалы жұмыс істеуге тырысады. Ол қаладағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі операторы болып табылады. Мұнда Арыстан Сәбденұлы секілді білікті мамандар өте көп. Барлығы ортақ игі мақсатқа ұмтылып жұмыс істеуде. «Қуатжылуорталық-3» мекемесі жаңашылдыққа ұмтылып келеді. Мекемеде жылу желілерінде де жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ескі құбырлардың орнына жылу жоғалтуды азайтатын, ұзақ мерзімге төзімді жаңа материалдар қолданылуда. Алдағы уақытта жылу желілерін қашықтан бақылау жүйесі енгізіліп, ақауларды алдын ала анықтауға мүмкіндік алуды көздеп отыр. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану да жылыту жүйесіндегі маңызды жаңашылдықтардың бірі. 

Жылыту жүйесіндегі жаңашылдықтар – тек техникалық жетістік емес, ол халықтың өмір сапасын жақсартатын, табиғатты қорғауға үлес қосатын маңызды бастама. Заманауи технологияларды тиімді қолдану арқылы біз жайлы, қауіпсіз және үнемді өмірге қол жеткізе аламыз.

«Қыс мезгілі – кез келген қала үшін ең жауапты кезеңдердің бірі. Суық күндері тұрғындардың жайлы өмір сүруі, әлеуметтік нысандардың үздіксіз жұмыс істеуі және қауіпсіздік деңгейінің сақталуы тікелей жылыту жүйесінің дайындығына байланысты. Сондықтан қаланы қысқы жылыту маусымына сапалы дайындау – жергілікті билік органдарының, біздің, яғни  коммуналдық мекеме қызметкерлерінің және тұрғындардың ортақ міндеті. 

Ең алдымен, жылу көздері – қазандықтар мен жылу электр орталықтары мұқият тексерілуі тиіс. Құрал-жабдықтардың тозған бөлшектері жаңартылып, апаттық жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл тек жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп қана қоймай, энергия үнемдеуге де мүмкіндік береді. Келесі маңызды қадам – жылу желілерін жаңарту және тексеру. 

Көптеген қалаларда жылу құбырларының ескіруі жылу шығынының артуына және жиі апаттардың орын алуына себеп болады. Уақытында жүргізілген гидравликалық сынақтар мен жөндеу жұмыстары қыс мезгілінде күтпеген қиындықтардың алдын алады. Әлеуметтік нысандарға ерекше назар аудару қажет. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен қарттар үйлері жылумен бірінші кезекте қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл нысандарда ғимараттың жылу сақтағыштығын арттыру, терезелерді ауыстыру және ішкі жылыту жүйесін реттеу аса маңызды. Сонымен қатар тұрғын үйлерді дайындау да назардан тыс қалмауы керек. 

Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар жертөлелердегі құбырларды тексеріп, кіреберістердің жылу сақтауы мен желдету жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалауы тиіс. Ал тұрғындар өз пәтерлеріндегі жылу жүйесінің жарамдылығына мән беріп, артық жылу шығынын болдырмауға атсалыса алады. Қорытындылай келе, қаланы қысқы жылыту маусымына дайындау – тек техникалық шаралар жиынтығы емес, ол – әлеуметтік тұрақтылық пен тұрғындардың өмір сапасын қамтамасыз ететін маңызды процесс. Уақытылы және сапалы дайындық қысты жайлы әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді» - дейді Арыстан Сәбденұлы. 

Бүгінде Шымкент қаласы көркейіп келеді. Қаланың инфрақұрылымы жылдан-жылға жақсарып келеді. Жолдар кеңейтіліп, жаңа жолайрықтар салынуда, қоғамдық көлік жүйесі жаңартылуда. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен спорт кешендері бой көтеріп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуде. Шымкент – тек ғимараттармен емес, адамдардың еңбекқорлығы мен бірлігінің арқасында дамып келе жатқан қала. Оның бүгінгі жетістігі – болашақтағы жарқын өмірдің берік негізі. Шымкент алдағы уақытта да өркендеп, еліміздің мақтанышына айналары сөзсіз. Бұған қаланың әрбір тұрғыны өз үлесін қосу керек. Қарапайым студент, жұмысшы маман, жергілікті басқару мекемесінде қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметкер, бюджеттік қызметкер, яғни еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қол ұшын созса алынбайтын қамал жоқ. 

Отыз жылға жуық тұрғындарға жылу сыйлап жүрген маман жұмыста адал қызметкер болса шаңырағында асыл жар, үш ұлдың асқар тау әкесі. Көп жылғы тәжірибесі мен еңбекқорлығы, шеберлігі ескеріліп, бірнеше алғыс хаттармен марапатталған. Күш жігерін ел өркендеуіне арнаған осындай еңбек адамдары қашанда сыйлы бола бермек. Елімізді осындай еңбек адамдары дамытары белгілі. Әрбір маман өз ісіне адалдық танытып, қоғамның ілгерілеуіне үлес қосады. Еңбек адамдарына халықтың ықыласы – олардың еңбегін бағалау, құрметтеу және ризашылық сезімін білдіру. Халықтың еңбек адамдарына деген ықыласы – бұл тек сөзбен айтып қана қоймай, іс жүзінде де көрсетілуі тиіс. Мысалы, көшеде жолды тазалаған жұмысшыға жылы күлкімен сәлем беру, дәрігерге ризашылықпен қарау, мұғалімнің еңбегін бағалау – бұлар күнделікті өмірде көрінетін ықылас белгілері. Сондай-ақ, еңбек адамдарының еңбегіне лайықты еңбекақы төлеу, әлеуметтік жағдайды жақсарту – бұл да ықыластың айқын көрінісі. Еңбек адамдары – қоғамның тірегі. Олардың қажырлы еңбегі болмаса, бізде білім де, медицина да, көлік те, тұрмыс-тіршілік те болмайды. Сондықтан халықтың ықыласы – бұл тек сөз емес, нақты әрекет, құрмет пен алғыс. Еңбек адамдарына деген халықтың ықыласы – қоғамның рухани байлығы мен адамгершілік мәдениетінің көрінісі. Әрбір адам еңбекті құрметтеп, еңбек адамдарының үлесін бағалай білсе, қоғамда сыйластық пен бірлік арта түседі.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жүрегі жылуға толы Арыстан