Түркістан облысы полицейлері түрлі ұрлықтардың алдын алу мақсатында сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.
Төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзып, талаптарды орындамағандарға Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 476 бабы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.
Сот-криминалистикалық сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі заттары шамамен 0,2 гр. героин мен 300 грамнан астам кептірілген марихуана екендігі анықталды.
Түркістан облысының полицейлері кез-келген адамға сенім білдірудің, сондай-ақ өзіңіз жайлы жеке мәліметтердің барлығын айтудың қажеті жоқ екенін ескертеді.
Төтенше жағдай жариялануына байланысты елде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында қандай да бір іс-шараларды, басқосуларды ұйымдастырып, өткізуге тыйым салынды.
Түркістан облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөлімі фото-бейне жүйелермен жұмыс атқаратын қызметкерлері қарқынды жұмыстар жүргізуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өздерінің бағалы заттарымен қалта телефондарын көрінетін жерде қалдырмауға, үнемі түпкі қалтада сақтауға кеңес береді.