Кондитерлік өнімдерді тұтыну талаптары
Кондитерлік өнімдер дегеніміз - жоғары калориялы өнімдер, яғни құрамында қанттың мөлшері көп болғандықтан ұзақ уақыт сақталады. Құрамдас бөліктеріне және дайындау тәсіліне қарай екі топқа жіктеледі:
Қантты кондитерлік өнімдер және ұнды кондитерлік өнімдер; Қантты кондитерлік өнімдер тобына конфет, карамель,шоколад, мармелад, зефир және т.б өнім түрлері жатады., Ұнды кондитерлік өнімдер қатарына печенье, торт, вафли,пирожное, кекс және тб өнімдер кіреді.Кремді кондитерлік өнімдер белгілі бір талаптар орындалмаған жағдайда тез бұзылу қаупі болғандықтан, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды талап етеді. Сақтау талаптары: температура мен ауа ылғалдылығы, күн сәулесінен қорғау,тауарлық көшілестік ережелері.
Кондитерлік өнімнің қаптамасында міндетті түрде өнімнің атауы, құрамының толық тізімі, тағамдық құндылығы, сақталу мерзімі және жасалған күні, сақтау шарттары,өндіруші туралы ақпарат,аллергендердің болуы.Таңбалау міндетті түрде анық әрі оқуға ыңғайлы болу қажет. Кондитерлік өнімдер тағамдық токсикоинфекцияны және тамақтан улану жағдайына апарып соқтыруы мүмкін, егер Сіз сатып алу және таңдау кезінде мынадай ережелерді ұстанбасаңыз:
1.Үй жағдайында дайындалған кремді кондитерлік өнімдерді мүмкіндігінше сатып алмаңыз.
2.Кондитерлік өнімдерді сатып алу кезінде құрамын, жарамдылық мерзімін, өндірілген жерін, сақтау әдістерін мұқият қараңыз.
3.Тағы бір назар аударатын жағдай,ол кондитерлік өнімдердің құрамында ұзақ сақтауды қамтамасыз ететін консерванттардың көп мөлшерде болуы тек улану жағдайына емес, аллергиялық реакциялар тудыруы да ықтимал. Барлығымызға белгілі кондитерлік өнімдер үлкенннің де кішінің де,әсіресе балалардың сүйікті тағамы. Сондықтан кондитерлік өнімдерді таңдауда мұқият болыңыздар!!!
Б.Н.Карибаева
Абай ауданы СЭББ бөлімінің басшысы
