Киім, ойыншық таңдау талаптары


Қазіргі мемлекетіміздің қарқынды дамуына байланысты шет елдермен, көрші елдермен сауда қарым-қатынасы жақсарды. Соның нәтижесінде сырттан әкелінген заттар  дүкен  сөрелерінде, базарларда лық толып тұр. Бүгінде  балаларға арналған әртүрлі  керемет ойыншықтарды да еш қиналмай  табуға болады. Бірақ, олардың  сапасы  көңілден  шыға  ма? Балаңызды қуантамын деп жүріп, оны ауыртып алмайсыз  ба? Жалпы, заң негізінде әрбір ойыншық «Халық тұтыну тауарлары және көрсетілетін қызметтерді сертификаттау тізіміне» сәйкес сапа құжатына ие болуы шарт.  

Сондықтан әрбір  тұтынушы ойыншық сатып аларда оның сапасына ғана емес, таңбалау сертификатына да көңіл  аударғаны жөн. Елімізде ойыншықтар сапасына тексерулер жыл  сайын  жүргізіліп  тұрады  екен.

Анықталған заңсыздықтар  да  баршылық. Тексеруге іліккен сауда  орындарының 70-80 пайызға жуығы ешқандай сертификат ұсына алмаған. Ойыншықтың қайдан шыққаны, қандай материалдан жасалғаны, ол материалдың құрамындағы элементтердің мөлшері көрсетілген анықтамалар  да болған.  Бірақ,  бала  денсаулығына тікелей қауіп төндіретін ойыншықтардың  көптеп  сатылатындығы айқын  көрініс  берген.  Мәселен, бұрыштары тегіс емес қол арбаларға, әр түрлі техникаға ұқсатып жасалған ойыншықтармен  ойнау  кезінде баланың  оп-оңай жарақат  алатындығы  байқалған. Сол  секілді  оларды  бояған бояулардың иісі де шамадан тыс бас  айналдырып,  көзді  ауыртаныны  анықталған. Соның салдарынан бала  біткеннің көру қабілеті төмендейтіні дәлелденген. Сол  секілді, ойыншықтар  жасалатын  материалдар  құрамында ауыр металл тұздары бар екендігіне назар  аударылған. Әсіресе, сертификатсыз әкелінген ойыншықтарда формальдегид әдеттегісінен 10-15 есе көп болатындығы  зерттеу  кезінде  ашылған. Мұның бәрі бала денсаулығына қауіп төндіретін химиялық  зиянды  заттар  болып  келеді.  

Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады. Қолына түскеннің бәрін тісіне басып көруге әуес, сондықтан ойыншық сатып аларда, оның жаратылуына аса ұқыптылықпен қараған  дұрыс. Бояуы тым қанық, алыстан «мен  мұндалап» тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі,  бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын элементтері болатыны  белгілі, ал  оның  мөлшерден  тыс  көп  болуы  бала  ағзасына  зиянды. Бұл заттар  ең  алдымен адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсерін  тигізеді. Бояудың құрамындағы зиянды заттар (ауыр металл тұздары, формальдегид) ішкі ағзаға   өтеді. Асқазан, ішек жолдары жұмыстарына зақым келтіреді. Баланың иммунитетінің әлсіз болуына, ауруға бейімділігін арттыруда да ойыншықтардың қосар үлесі көп.  Ойыншықтарды таңдап аларда оның қауіпсіздік ерекшелігін қарау керек. Сәбилер үшін, әсіресе, қытай ойыншықтарында болатын қуат бергіштер қауіпті дейді дәрігерлер. Егер бала оны жұтып қоятын болса, одан бөлінген қышқыл ішті күйдіреді. Ойыншықты қалай таңдаймыз?

-3 жасқа толмаған балаларға ұсақ бөлшектері бар ойыншықтарды беруге болмайды, өйткені ұсақ бөлшектер ойын барысында сынуы және бала үшін қауіп төндіруі мүмкін.

-сылдырмақ сатып алғанда міндетті түрде оны сылдырлатып көріңіз, егер дыбысы құлаққа жағымсыз болса, бұл ойыншықтан бас тартыңыз.

-жұмсақ ойыншық таңдағанда оның ішін толтырған затқа көңіл аударыңыз. Егер балаңыз абайсызда тігісін жыртып, ішіндегі ұсақ шарларды жұтып қойса, улануы мүмкін. Поролон да қауіпті, уақыт өте келе ол тапталып, улы заттар бөледі. Егер жұмсақ ойыншық тігем десеңіз, осы нәрсені естен естен шығармаңыз. Ең тиімді материал — синтепон. Синтепонмен тығындалған ойыншық жақсы жуылады және пішінін сақтайды.

 -тұтынушы ойыншықтарды сатып алу барысында оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуге толық құқылы.

 Ең бастысы, ата аналар өздері нәрестелері мен балаларына ойыншықтар сатып алғанда ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындаса, талап ете білсе, балаларының денсаулықтары зор, тәрбиелі, білімді Қазақстан Еліне елеулі, халқымызға қалаулы үлкен азамат болып өсетіндері  сөзсіз.

А.Максутова

Қаратау ауданының СЭББ бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Киім, ойыншық таңдау талаптары