Туристерді тартқан «Асыл Дария»

image.png

Төлеби ауданы – табиғаттың бар сұлулығын бойына жиған көрікті өңір. Асқар таулары, қарлы шыңдары, тылсым үңгірлері, сылдырап аққан бұлақтары мен жасыл желекке көмкерілген жайлаулары бұл өлкенің туристік тартымдылығын арттыра түседі. Осындай қайталанбас табиғатты тамашалау үшін ауданға жыл сайын мыңдаған турист келеді.

Өңірде туризмнің дамуына сай заманауи демалыс орындарының қатары да көбейіп келеді. Солардың бірі – Біркөлік шатқалында орналасқан **«Асыл Дария»** демалыс кешені. Көркем табиғаттың аясында бой көтерген кешен келушілерге жайлы әрі сапалы демалыс ұйымдастыруға барлық мүмкіндік қарастырған.

Демалыс орнының аумағында жайлы коттедждер мен тапшандар, бассейн, банкет залы, караоке, би алаңы, от жағатын арнайы орындар, монша, сондай-ақ баскетбол және волейбол алаңдары орналасқан. Сонымен қатар, балаларға арналған ойын алаңшасы да жұмыс істейді. Мұның барлығы әр жастағы демалушылардың уақытын қызықты әрі жайлы өткізуіне мүмкіндік береді.

Табиғаттың көркем келбеті мен заманауи қызметті үйлестірген «Асыл Дария» демалыс кешені бүгінде Біркөлік шатқалына келетін туристердің сүйікті орындарының біріне айналып келеді. Мұндай туристік нысандар өңірдің туризм әлеуетін арттырып қана қоймай, Төлеби ауданының экономикалық дамуына да өзіндік үлес қосуда.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Туристерді тартқан «Асыл Дария»