Табиғат тынысын сезінетін демалыс мекені

image.png

Біркөлік шатқалы бүгінде Төлеби ауданындағы ең танымал туристік бағыттардың біріне айналған. Көркем табиғаты мен таза ауасының арқасында бұл өңірге жыл сайын мыңдаған турист келіп, демалыс орындарының қызметіне жүгінеді. Шатқал бойында орналасқан туристік кешендердің бірі – «Маяк» демалыс орны.

Тау аңғарлары, сылдырап аққан өзен және жасыл желекпен көмкерілген табиғат бұл демалыс орнының басты ерекшелігі саналады. Табиғатпен етене тынығып, қала қарбаласынан бір сәт алшақтауды қалайтындар үшін мұнда барлық жағдай жасалған.

Кешен аумағында ағаштан салынған жайлы үйлер, табиғат көрінісін тамашалауға арналған тапшандар, ересектер мен балаларға арналған бассейндер, монша және кафе жұмыс істейді. Бұл инфрақұрылым қонақтардың отбасымен де, достарымен де жайлы демалуына мүмкіндік береді.

«Маяк» демалыс орны жыл бойы, демалыссыз қызмет көрсетеді. Сондықтан жылдың қай мезгілінде болмасын табиғат аясында тынығып, таза ауамен тыныстағысы келетіндер үшін бұл кешен Біркөлік шатқалындағы қолайлы демалыс орындарының бірі болып саналады.