«Нұрлы аймақ» – отбасылық демалысқа қолайлы кешен

image.png

Туризм бүгінде өңір экономикасының маңызды салаларының біріне айналып келеді. Түркістан облысы тарихи-мәдени және экологиялық туризмді қатар дамытып отырған өңірлердің бірі саналады. Егер саяхатшылардың бір бөлігі Түркістан қаласына рухани мұралармен танысу үшін келсе, табиғат аясында тынығуды қалайтындар Төлеби ауданына бағыт алады. Көркем табиғатымен ерекшеленетін Біркөлік шатқалы бүгінде туристер жиі таңдайтын орындардың қатарында.

Шатқал аумағында орналасқан «Нұрлы аймақ» демалыс кешені келушілерге жайлы әрі сапалы демалыс ұйымдастыруға бағытталған. Мұнда барлық қолайлылығы қарастырылған жайлы коттедждер, ересектер мен балаларға арналған бассейндер және ұлттық әрі еуропалық тағамдар ұсынылатын мейрамхана жұмыс істейді.

Кешенде түрлі мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған кең банкет залы бар. Онда туған күн, мерейтой, отбасылық басқосулар мен салтанатты жиындарды ұйымдастыруға қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған.

«Нұрлы аймақтың» басты ерекшеліктерінің бірі – отбасылық демалысқа қолайлылығы. Балаларға арналған арнайы ойын алаңдары мен ойын-сауық бағдарламалары кішкентай қонақтардың уақытын қызықты өткізуіне мүмкіндік береді.

Белсенді демалысты қалайтындар үшін кешенде тимбилдинг бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, баскетбол, волейбол, футбол және өзге де спорт түрлерімен айналысуға арналған арнайы алаңдар жұмыс істейді.

Табиғаттың көркем көрінісі мен заманауи қызметті үйлестірген «Нұрлы аймақ» демалыс кешені бүгінде Біркөлік шатқалының туристік әлеуетін арттырып отырған тартымды нысандардың бірі болып табылады.