Жұмыссыздар жылдан жылға азаюда
Шымкентте 2026 жылы 31 мың 398 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 26 мың 412 тұрғын жұмысқа тартылған. Бұл жоспардағы жұмыспен қамтылуы тиіс адамдардың 84,1 пайызы, соның ішінде 15 мың 319-ы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жыл соныңа дейін қалған 19 пайызды құрайтын тұрғындар жұмыспен қамтылмақ. Бірақ, қала азаматтарын жұмыспен қамту мұнымен ғана шектелмейді.
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күніне орай қала билігі 22 қыркүйекте Көрме орталығында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Аталған шаһардағы жәрмеңкеге 100-ден астам жұмыс беруші – мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар қатысты. Мегаполистің индустриалды аймақтарындағы 20 мекеме де бірге жұміс істеуге шақырды. Жәрмеңкеде 3100-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Соның 2 мыңға жуығы – тұрақты, 1100-і – уақытша жұмыс орындары.
Сонымен қатар, бұл жәрмеңкеге жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасымен Абай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарынан да 20-дан астам делегация келіп қатысты. Аталған өңірлердің өкілдері өз мүмкіндіктерін, ерікті қоныс аудару кезінде мемлекет және жергілікті қорлар тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау, тұрақты жұмыспен қамту шаралары туралы ақпараттармен қоса кеңестер берді.
Сонымен қатар, Шымкентте 9 мың 446 жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған. 21 қыркүйектегі жағдай бойынша бұл бағытта 7 мың 732 адам қамтылып, жоспар 81,9 пайызға орындалды. Оның ішінде тұжырымдама мен даму бағдарламасы аясында жоспарланған 2 мың 517 адамның 813-і жұмысқа орналастырылды. Жеке бастамалар есебінен жобаланған 6 мың 919 адамды жұмыспен қамту жоспары толық орындалды. Ал, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту бағыты бойынша 3 мың 660 адамды қамту межеленген. Бүгінде бұл бағыттағы нақты көрсеткіш 4 мың 149-ке жетіп, жоспар 113,4 пайызға орындалған. Атап айтқанда, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жұмыссыз азаматтарды оқу ұйымдарында оқытуға жоспарланған 450 адамның барлығы жолданды. Сонымен қатар жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытуға жоспарланған 160 адамның да барлығы қамтылды. Кәсіби біліктілікті тану, яғни ваучерлік оқыту бағыты бойынша жоспарланған 64 адамның орнына 85 адам оқытылып, көрсеткіш 170 пайызды құрады. Ал, Enbek.kz порталы арқылы онлайн оқытуға 3 мың адамды қамту жоспарланған. Нәтижесінде 3 мың 454 адам оқып, жоспар 115,1 пайызға орындалды.
Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 2 мың 530 адамға қолдау көрсету жоспарланып, нақты 2 726 адам қамтылды. Осылайша, жоспар 107,7 пайызға орындалды. Соның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерге 2 мың 130 адамды оқыту жоспарланған. Нақты көрсеткіш 2 мың 623 адамға жетіп, жоспар 123,1 пайызға орындалды. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтарға 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін мемлекеттік грант беру бойынша 400 адамды қамту жоспарланған. Бүгінде 103 азамат грант иегері атанды.
Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 мың 334 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, соның 3 мың 229-ы жолданды. Бұл жоспардың 74,5 пайызын құрайды. Оның ішінде «Жастар практикасына» 1 мың 721 адамды тарту жоспарланып, нақты 1 мың 404 жас жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған 250 адамның 81-і орналасты.
«Қоғамдық жұмыс» бағдарламасына 1 мың 403 адамды тарту жоспарланған болса, нақты 1 мың 479 адам қамтылып, жоспар 105,4 пайызға орындалды. Ал «Күміс жас» жобасы бойынша 960 адамды қамту көзделген. Қазіргі таңда 265 адам жобаға жолданды.
Тұрақты бос жұмыс орындарына 11 мың 427 адамды орналастыру жоспарланған. 21 қыркүйекке дейін жоспар 75 пайызға орындалып, 8 575 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Еңбек күніне орай Көрме орталығында ұйымдастырылған өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер тікелей байланыстыратын алаңға айналды. Тұрғындар өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, кәсіби оқыту, кәсіпкерлік бастамалар және жұмыспен қамту шаралары туралы ақпарат алды.
