Жедел респираторлық вирустық инфекциясының алдын алу
Күн суытып, түрлі жұқпалы аурулар бас көтеретіні белгілі. Соның ішінде жіті респираторлық вирустық инфекцияны (ЖРВИ) жұқтырып алу қаупі жоғарылайды. Әсіресе, иммунитеті әлсіреген жандардың бұл дерт жиі мазалайды.
ЖРВИ – тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы. Оның ішінде тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, басқа да жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынулары бар.
Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен, тыныс алу ағзалары арқылы келеді. Адамда шаршау сезімі, әлсіздік, ашулану болады. Бұдан әрі бас ауырады, қатты әлсіздік туындайды, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін.
Науқас міндетті түрде төсек тартып жатуды қадағалауы және барынша сұйық зат – жылы шай мен морс ішкені жақсы. Дене қызуы жоғары болғанда қызу басатын дәрі-дәрмектерді, қажетіне қарай тұмауға қарсы дәрілерді немесе жөтелге қарсы препараттарды қолдануы керек.
Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:
* Екпе арқылы;
* Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
* Жеке және қоғамдық гигиена сақтану.
Ауырмаңыздар, сау болыңыздар!
Б.Ергеш
Еңбекші ауданының СЭББ басшысының орынбасары
